ВЕРНУТЬСЯ

Қазақ жерін алу турасындағы низам

    Қазақ
пайдасындағы жерлерді алады, қыстауларынан көшіріледі, қай жөнмен алып, қай
орынға көшіреді - оны қазақ білмейді. Жоғарғы хакімдердің қазақ жері турасында
шығарған низам, бұйрықтары болса да, ол бұйрықтарды мұндағылардың қайсылары
орнына келтіріп, қайсылары орнына келтірмейді. «Қазақ жол ретін
білмейді» дейді де, біреулері жолменен істемей, жосып, бетімен кетеді. «Мынауың
жолсыз ғой» деп, қазақ дауласа алмайды. Білмейтұғын қазаққа бәрі жолды болып көрінеді. Сондай жолсыз істерден орынсыз

Жазушының қанағаты

    Бұл сөзді біреу
алмас, біреу алар, 
Құлағын біреу
салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке
ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса,
кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі, теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім
бар, күйгенім бар,
Солардан аз да
болса белгі қалар.
 

Жарлы бай

     Бір күні Жарлы
отырып ойға қалды, 
Байларға кейбір
сараң көзін салды.
«Ішіп-жеді,
рақатын көрмеген соң,
 Не керек, - деді, - жиып пұл мен малды?
Малыңда не қызық бар ептеп жиған,
Жаныңа еш рақат
етпей жиған?
Қызығын малдың
көрмей бұл дүниеде,
Алмайсың ақыретте сатып иман.
Өлесің, артыңда көп мал қалады,
Көріне кімнің
малы бір барады?!
Адал сүт емген
бала қалса артыңда,
Көп болса, асың

Маймыл

    Жер жыртты ерте
тұрып қарашекпен, 
Қашаннан кәсібі
еді егін еккен.
Асырап қатын-бала
еңбегімен,
Кісі еді күшін
жегіп ауқат еткен.
Ертеден кешке дейін дамыл алмай,
Өткізді ұзақ
түнді қызметпен.
«Жарайды,
бәрекелді, сабаз-ай!» - деп,
Алғысты берді
оған өткен-кеткен.
Күншілік етті бұған
Маймыл надан,
Мақтауды Маймыл
түгіл, сүйеді адам.
 «Осындай жұрттан мақтау алмайтұғын, -
Ойлады, - мен

"Аңдаспаған мәселе" турасында

    Ноғай бауырларымыздың газеталарының арасында
қазақ жайына көбірек көңіл һәм орын бөлетін «Уақыт» газетасы.Қазақ туралы
естілген хабарлар, істелген істердің көбі «Уақыт» газетасына басылып һәм
олардың ішіндегі маңыздылары турасында газета пікірін де айтып тұрады. Сондықтан
«Қазақ» газетасы қазақ мәселесі турасында «Уақыт» газетасымен бір жөннен сөз
шығаруға, арадағы аңдаспаған мөселелерді ашып, саралап, анықтауды өзінің
міндетінің бірі деп біледі.

Страницы