ВЕРНУТЬСЯ

Аңдарға келген індет

    Алланың рахметі
мол, қаһары қатты, 
Қарғады дерт жіберіп хайуанатты.
Қырылып у
жегендей түрлі аңдар,
Әр жерде
төбе-төбе болып жатты.
Шошынып хайуандар келген дерттен,
Біле алмай не қыларын, есі кеткен.
Далада, үйде,
қырда, орман, тауда
Сау қалған жер
болмады бұл індеттен.
Түзеліп аң біткеннің құлықтары,
Кәсібі, өзгеріліп
ғұрыптары,
Зорлықтың,
зомбылықтың бәрін тастап,
Тимеді нашарына
ұлықтары.

Арыстан, киік һәм түлкі

    Бар еді бір
зеңгір тау асқан биік, 
Әр түрлі мекен
еткен аңдар сүйіп.
Жол шеккен тамақ
іздеп аш Арыстан
Сол таудың
арасынан қуды Киік.
Жақындап жүрді Арыстан жетемін деп,
Ойлайды түстік
тамақ етемін деп.
Келеді Киік жылап
бір Құдайға,
Қайткенде мұнан
аман кетемін деп.
Жыласаң шын
зарығып бір Құдайға,
Ойлама қалады деп зарың жайға.
Жанынан Киік
күдер үзген шақта,
Екеуі кез болады

Орыс "Мейірманшылығы"

   Орыс қол астына паналауға келген 1000 үй
Қытай қазағының мынадай аянышты халін депутат Некрасов «День» газетасына
жазады.
  Алтай тауының моңғол бетіндегі қазақтар мен
моңғол төрелерінің арасында үлкен жанжал шығып, 11 төре өліпті. Мұнан кейін
моңғолдар қазаққа қарсы әскер аттандырып-ты. Қазақтар қорыққанынан, 1000
үй 120 мың малымен орыс қол астына қашып тығылып, орыс хүкіметіне арыз береді:
«Бізді қол астыңа алсаң», - деп. Қазақтардың бұл арызы Петерборға жеткеннен

Қазақтың өкпесі

    Қамсыз жатқан
қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана қайғы кіре бастады. Басқа келген
нәубеттің қайдан келгенін, кімнен басталғанын біле алмай, әркімнен көріп
өкпеледі. Пайдаланып отырған жерін мұжыққа алып берді деп хүкіметке өкпеледі.
Қазақ жерін қазыналық етуге неге көнген деп өткендерге өкпеледі.Төменде қазақ өкпелеуінің жөні бар ма, жоқ па - соны жазбақпын.
   Біздің заманымыз - өткен заманның
баласы, келер заманның атасы. Атадан алған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас

Көк есектерге

    Не жазып ем, 
Құдай-ау, мен
қазаққа,
Мүбтала ғып
салғандай бұл азапқа?!
Адамшылық есебіне
кірісіп,
Қолы жетсін
дегендік пе азатқа?
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім
жақын емес, алысқа.
«Өзге жұрттар
өрге қадам басқанда, -
Дедім, - сен де
қатарыңнан қалыспа!»
Бар ма, қазақ, мұнан
басқа қылғаным?
Неңді шаштым,
неңді бұздым, былғадым?
Аштан өлген
аталарың бар ма еді,

Страницы