ВЕРНУТЬСЯ

Қазақ салты

    Қалтылдақ қайық
мініп еспесі жоқ, 
Теңізде жүрміз
қалқып кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын
қуса жылжи беру
Болғандай табан
тіреу еш нәрсе жоқ.
Бұл күйге бүгін
емес, көптен кірдік,
Алды-артын
аңдамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір
жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан
дертпен кірдік.
Бейне бір құдіретті
сынағандай,
 «Сақтар деп, сақтар болса» - сертпен жүрдік.
Жат жақты
Жаратқанға күзеттіріп,

Иттің достығы

    Бір байдың
Төрткөз, Мойнақ төбеттері, 
Өздері, ит болса
да, әдепті еді.
Түнде үріп,
күндіз үрмей, жай жатататын
Болады әдепті
иттің әдеттері.
Түс мезгіл екі төбет тойып жатып,
Кемпір
наз-өкпелерін қойып жатып,
Ас үйдің
алдындағы күн шуақта
Сөйлесті әр
нәрсенің басын шатып.
Сөз қылды жақсылықты, жамандықты,
Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты.
Достықтың, дұшпандықтың
жайын сөйлеп,
Қолға алды

Қасқыр мен қозы

     Бұлаққа су ішуге
келді Қозы, 
Жанында серігі
жоқ, жалғыз өзі.
Бәрі жоқ десең,
шығар бөрік астынан,
Бәле мен қаза
алыс па, келсе кезі.
Қаңғырған тамақ іздеп бір аш бөрі
Қозыға жетіп
келді жайнап көзі.
Жемекке, кінә
қойып, сол арада,
Жала ғып, міне,
Қасқыр айтқан сөзі:
«Сен, Қозы, текке қарап жүре алмайсың,
Соқтықпа маған
десем, тіл алмайсың.
Мойныңды қазір
жұлып алайын ба,

Қазақ һәм түрлі мәселелер

    Қазаққа тәуел
оңаша, яки басқалармен бірге ортақ мәселелердің кеңеске бұрын түскендері де
бар, бүгін түсіп жатқандары да бар һәм түсейін деп түрғандары да бар. Қазаққа
қарасаң, сол мәселелер қазаққа тәуел я ортақ мәселелер сияқты емес, яки қазақ
туралы болғанмен, не болып, немен біткені талғаусыз. Яғни жақсы болса, жақсы
болды деп қуанбайтын, жаман болса, жаман болды деп күйзелмейтін бейне бір
болмашы ғана мәселелер сияқты.
   Сендердің кеңесейін деп отырғандарың

Данышпан Аликтің ажалы

     Жар салып, жасақ
жияр білімді Алик, 
Білімсіз
хұзарлардан алмаққа кек.
Қаласын,
егіндерін ызасы үшін
От пенен қойған
арнап қылышқа деп.
Қол бастап, киіп
сауыт - Царградты,
Сыр мінез таңдап
мініп сенімді атты,
Далада келе
жатып, князь көрді
Ішінен қалың
орман шыққан қартты.
Перунға көнген, берген ықыласын,
Болжаған болар
заман уақиғасын,
Қасына Алик келді
қарияның
Өткізген

Страницы