ВЕРНУТЬСЯ

Қарашекпен мен қой

    Шақырды
Қарашекпен Қойды сотқа, 
Күймей ме біреу
үшін біреу отқа,
Белгілі Қойдың
тауық жемейтіні,
Жазықсыз жаза
тартқан пенде жоқ па?
Түлкі екен судьясы «теңшіл» деген,
Атақтан сау емес де «жемшіл» деген.
Бір күні талапкер
мен жауапкерге
Шақыру қағаз
шықты «келсін» деген.
Екеуі айтқан күні сотқа келді,
Түлкіекең Қойды
көріп көңілденді.
Тексеріп,
арлы-берлі жауап алып,
Тез істі

Жұртыма

    Бірлік қып іс
етуге шорқақ жұртым, 
Табылса оңай
олжа, ортақ жұртым.
Сияқты қара қарға
шуылдаған
Үрейсіз қоян
жүрек қорқақ жұртым.
Білмейсің жөнің
менен терісіңді,
Ел болып іс
етпейсің келісімді.
Үміт қып бәйге
атындай талай қосып,
Байқадық шабыс
түгіл, желісіңді.
Жөн айтқан жұртшылыққа
адам болса,
Шығасың қолыңа ала керісіңді.
Бытырап
бет-бетіңе жөнелгенде,
Көрдік қой

Бас қосу турасында

     Бас қосу керек деген мәселені жыл басында
«Айқап» журналы қозғап еді. Сол «Айқаптың» 10-шы нөмірінде Р.Марсеков
мырза да бас қосу керек дейді. Темір уезінен үш кісі: Жұбекен Тілеубергенов, Омарғали Хангерейұлы, Сауырбай Тоқбайұлы бас қосу турасындағы пікірлерін жазып,
«Қазаққа» басуға жіберіпті.Олар да бас қосу керек дейді. Біз бұл турасындағы
басқалардың пікірін басудан бұрын, өз пікірімізді айтып өтуді мақұл көрдік.
  Бас қосуды біз де керек нәрсе дейміз.

Жадовскаядан

    Мінсіз таза меруерт
Су түбінде жатады.
Мінсіз таза асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан зат
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады.
 

Кісі мен арыстан

    Бір аңшы ұстайды
екен аңды қырып, 
Ішіне қалың ағаш
торын құрып.
Бір күні
Арыстанға кез болыпты,
Сыртынан құрған
торын бағып тұрып.
Арыстан ақырды оған аузын ашып:
«Көрейін, қимылдашы қарсыласып!
Шекірейіп: «Жан
біткенге патшамын!» - деп,
Мақтанып жүруші
едің судай тасып.
Қайратың мақтанатын қандай екен,
Кел бері,
байқасалық күш сынасып.
Адамым, рас бізге
патша болсаң,
Жүріп көр аяғыңды

Страницы