ВЕРНУТЬСЯ

Маймыл мен көзілдірік

     Қартайып, нашар
көрді Маймыл көзі, 
Ойлады ем етерге
оған өзі.
«Көз азса -
Көзілдірік емі» деген
Тиетін құлағына жұрттың
сөзі.
Бес-алты Көзілдірік Маймыл тапты,
Біразын құйрығына
тізіп, тақты.
Қарады бірін
иіскеп, бірін жалап,
Бір мезгіл
төбесіне қойып жатты.
Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да,
Қойып-ақ әр жеріне қараса да.
Маймылға
көзілдірік ем болмады,
Адамның көздеріне
жараса да.

Шымшық пен көгершін

    Бір Шымшық торға
түсті соры қайнап, 
Барды ма, кім
біледі, ажал айдап.
Бәлені қаза менен
қайда деме,
Ғаріп боп, отыр
сорлы көзі жайнап.
Жанына жас
Көгершін ұшып келді:
«Не қара басты
торға түсіп? - деді. -
Тал түсте торды
көрмей, соқыр ма едің,
Есалаң, ақылың
жоқ, күшік, - деді. -
Түсер ме есі дұрыс
күндіз торға,
Ақылың жоқтығынан қалдың сорға.
Мысалы, мені
алдап еш уақытта,

Пушкин Вольтерден

    Қыздыр дейсің мәжілісті,
жан дейсің, 
Қыздыратын жасты
қайдан ал дейсің?
Өмірімнің таңын
қосып кешіне,
Бер қайтадан
өткен күннің һәммесін!
Бере алмасаң, кең салалық бейілді,
Жас қызығын
көрсін жастар кейінгі.
Тәтті өмірмен
нәпсі көңілін ауладық,
Қалғанымен алданталық зейінді!
Уа, дариға!
Өттің бастан, қызық жас!
Өзіңе жөн,
өзгелерге бұзық жас.
Қайғы, қасірет
дертін жанға батырмай,

Орысша оқушылар

   5-ші августа Орынбордағы киргизский
учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге етмихан болды. Кіруге
келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан
аларлық қазына һәм стипендия орны алтау-ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан
басқалары, ауқаты көтерсе, өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пәтерде тұрып,
сонан келіп оқып жүреді я жылына 150 сом төлеп школдан тамақ ішіп, киім киіп,
сонда жатып оқуға да болады. Бай адамдарға жылына 150 сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен келмейтін көп

Есек пен үкі

    Үркектеу, үйір
емес онша қолға, 
Бір Есек ұзақ
сапар шықты жолға.
Есектің бойы
тәуір болғанменен,
Есепте қосылмайды
есі молға.
Және де бұл
Есектің көзі соқыр,
Басшысыз соқыр
қалай жүрсін оңға?
Лағып тура жолдан
қаңғып кетті,
Қисайып, қыңыржақтап, шығып жонға.
Ішіне қалың орман барып кірді,
Білмеймін, не жол
тауып, неғып жүрді.
Күн батып, қас
қарайған уақытта
Есектің лаққанын

Страницы