ВЕРНУТЬСЯ

    Қазақ
пайдасындағы жерлерді алады, қыстауларынан көшіріледі, қай жөнмен алып, қай
орынға көшіреді - оны қазақ білмейді. Жоғарғы хакімдердің қазақ жері турасында
шығарған низам, бұйрықтары болса да, ол бұйрықтарды мұндағылардың қайсылары
орнына келтіріп, қайсылары орнына келтірмейді. «Қазақ жол ретін
білмейді» дейді де, біреулері жолменен істемей, жосып, бетімен кетеді. «Мынауың
жолсыз ғой» деп, қазақ дауласа алмайды. Білмейтұғын қазаққа бәрі жолды болып көрінеді. Сондай жолсыз істерден орынсыз
жәбір көріп, әуре болып жүрген қазақтар көп. Қыстау салған жерінен айрылып,
қыстайтұғын жаңа жерді
общества бермей, жер алып беріп орналастыруға міндетті мекемелер оған қабырғасы
қайысып қайғырмай, екі жыл, үш жыл, төрт жыл пішен шаба алмай, егін сала алмай,
отырарға орын таппай, сандалып жүрген
қазақтарды көз көріп тұр. Қазақ жерін алу турасында шыққан низам, бұйрықтарды
қазақ білсе, осындай жәбір көрушілер азаяр еді деймін. Жол бойынша: қазақты қыстауынан көшірмей тұрып,
жаңа жерден орын сайлап беруге міндет, қазақ көшкенде даярлап шығарып, белгілеп
берген жерге көшпек. Жаңа жер бергенше орнынан қозғалмасқа. Бұл жолды білмей, «Мұжық
қуып шығарды, пәлен қуып шығарды, отыра алмадық» дейді. Мұжық болсын, басқа
болсын, низамнан күшті емес. Жолды іске көнуге, жолсызға көнбегеннен ешкім
айыпты болмайды. «Үй-мүлкімізді көшіргенде дұрыстықпенен кеспеді, арзан
бағалады» деп жүрген қазақтарды да көреміз. Осылардың барлығы да қазақтың жол
білмеген нашарлығының кесапаты.
   Жалпақ жұрттың бәрі болмаса да,
жалғыз-жарым болса, пайдаланар деген ниетпен қазақтың жерін алу  турасындағы шыққан низам, бұйрықтарды қазақшаға аударып, бірте-бірте жұрттың құлағына тигізбек ойым бар.
   Қазақ пайдасындағы жердің артығын алу
турасында шыққан низам, бұйрықтардың ең әуелі білуге керегі
- 1909-шы жыл, 9-шы июннің бұйрығы 12 пунктке бөлінді. Қай пунктте, қалай етпек жол деп
айтқанын төменгі қылғандардан қараңдар. Түсініксіз
жері болса, әркім туған Мұжықтарды
қондыру үшін һәм мемлекеттің басып,
керегіне қажет орындар алар үшін Ақмола, Семей, Торғай һәм Орал облыстарындағы жерлердің шамасын білмеді.
   Жасалып, 1909-шы жыл, 9-шы июньде Министрлер
Советі орнатып шығарған инструкция, яғни насихат бұйрығы:
1-ші     пункт: қазақ пайдасындағы жердің артықтарын
мұжықтарға патшалық керегіне шығару Тобылск, Томск, Иркутск губерналарды жер
кесуге шығарып, мизамның' 24, 127, 129, 130, 134, 154-ші статьяларының жөнімен
бөліп, осы насихат бұйрықтың 2-ші пумктінен бастап, 19-шы пунктіне шейін
айтылған жолдардан тысқары кетпеске.
2-ші     пункт: қазақ пайдаланып отырған жердің
мемлекеттегі билігі жер шығарғанда, қазақтардың қазіргі күн көріс қамына қарай,
шаруасына жетерлік жер қалдыруға,шаруашылыққа қалғанда жететұғын шамасын, өздерінің
жерлес ыңғайына қарап, тап-табына белек мөлшерлеуге.
3-ші пункт:
қазаққа жетерлік жер деп шамалағанда  сол
жердегі қазақтың тәуір ауқатты
үйінің шаруасына
жетерлік жер. Бұлай еткенде, қай шаруаға жарамды һәм қазақтың шаруасы ,яғни
отырықшы болып, мал бағудан нағыз егінші тұрмысы қанша жақын я алыс. Қыстаулық,
жайылымдық жерлерін қазаққа бөлек қалдыру керек орындарында: қыстаулығын өз
алдына, жайлаулығын өз алдына қалдыруға, жайлауда аз, көп отыруына қарай.
4-ші     пункт: қазақтарға қалатұғын жердің шамасын
анықтап білу үшін Жер министрінің өмірімен әртүрлі жұмыстар болады: жердің
түрін, түгін, елінің ыңғайын, жігін, жанын, малын, шаруа қалыбын білуге. Мұныменен
көрінеді: а) қаралмыш жерді шаруасы бар қанша үй пайдаланып отыр, арасындағы
қонақтарды басқа көрсеткенде; ә) қанша еркек жаны бар; б) бағылатұғын қанша
малы бар; в) жыртатұғын жері қанша, шабатұғын жері қанша; г) мал, егін, пішен
елдің ауқатына қарай бөліп таратқанда қаншадан келеді; ғ) қандай шаруаға, қанша
жер қолайлы екендігі; д) судың даяр, даяр емесі; е) бір бас малды асырауға жайылым,
қанша шабын жер қажет һәм орта ауқатты шаруашылықпенен күн көруге қанша мал
жеткілікті.
5-ші     пункт: қарастырып, сұрастырып, есептеп
білгеннен кейін, жерді қай шаруаға жарамды түріне қарап тілім-тілім бөледі һәм
әр тілімге өз алдына норма, яғни план десятина жер шаруа басына я жан басына
деп, мөлшер істейді. Жасалған норманы генерал-губернаторға қараған облыстарда
генерал-губренатор, ол жоқ облыстарда областной правлениелер Жер министрінің
бас мекемесіне тапсырады. Өз ойларын қоса айтып, оны Жер министрінің мекемесі
Министрлердің Советіне кіргізеді, бекіту үшін.
6-ші     пункт: қазаққа
мөлшерлеп қалдыратұғын жердің
есебіне қолайсыз жерлер кірмейді. Мысалы: сулар, құмдар, ащы көлдер, керуен
жүретін, мал айдалатұғын жолдар;
бұл жолдардың ені жайлаулық жерде шақырым жарымнан аспайды, қыстаулық жерде я
қазынаға алынған жерлерде жүз сажыннан аспасқа.
7-ші     пункт: жер ыңғайыменен
бөлген жерлес ауылдардың шаруасына жеткілікті деп қалдырған жер жеткіліксіз
болса, араларында малдары көп бай болғаннан һәм егетұғын егіні, шабатұғын пішені көптіктен, ол
ауылдарға мұқтаждығына қарай шамалап,
5-ші пункт бойынша қалдырған сыбағалы жердің үстіне қосымша артық жер қалдыруға
болады. Мұндай артық жерді
қалдырар-қалдырмас билігі Министрлердің Советінде.
8-ші     пункт: қазаққа
жеткілікті жер қалдырғанда (5-ші пункттегі айтылған), көп ортасындағы жайлау жерді я қыстау
қасындағы жайылым жерді, сол арадағы жер кіндік елден басқа, көшпелі, келімсек
елдерде пайдаланып жүретін
болса, сол жердегі шаруаға қалып етілмес мөлшерлеп көшпелілерге
де жер қалдыру керек. Олардың отыратұғын
уақытына қарап һәм соңғы жылдарда көшіп
келіп жүрген үйлердің санына
қарап.
9-шы
пункт: қазақтан артылған жерді патшалық керегіне, бұл алатұғын жерлер қазақпенен аралас болып, үзіп,
қатынастырмастай болмасын.
1()-шы пункт: патшалық алатын жер мен қазақ пайдаға  қалатұғын жерлердің жігін ашқанда,
 11 -ші пунктте орындарда болмаса, сөзсіз
қазақтың өзінде қалуға тиіс нәрселер: а) қазақтардың орнығып, қора-қопсы, үй
болып, қыстау еткен орнындағы жер; ә)қазақтардың өзі күшіменен қазылған
арықтары, істелген бөгеттері  б) жеміс
ағашы егілген жерлері; в) егіндік, пішендік жерлер, егінге я пішенге қолдан
суарғандықтан жарап тұрған жер я қолдан суарса жарағандай жерлер, өз пайдасына
сол жердегі Мұжыққа берген мелшерменен қалынады, бұл ретте қазақтың жалға
бермей, ез еңбегі  жерлердің бәрі де
ықтималынша қазаққа қалатұғын жер есебіне кіруге керек; г) адам қойылып келе
жатып зираттар, халық қадірлейтін молалар, низам жолына салынған мешіттер, тәрбие:
шаруа керегіне я өздері ұруға қазақтың уақытша салған қора-қопсы, үйлері қурап
жерлерді алуға бұл уақытша салған нәрсе тоқтау санамайды.
11 -ші пункт: Мұжық
поселкалары сусыз я суға мұқтаж қиналған жерлерде, яки Мұжық жерлері мен қазақ
жерлері аралас, аттамалы (через полст) болатұғын орындарда, жоғарыда 10-шы
пунктте а, б, в харіптерінің тұсында айтылған жерлердің бері де қазақ
пайдасынан алынады. Бірақ   талай жерді
алғанда, сол болыстағы жерден, болмаса өзге алыстағы жерден жері алынатұғын
қазақтарға өз жерінде егіндік, пішендік жер алып бергеннен кейін һәм а, б, в әріптерінің
тұсында айтылған еңбегіменен істелген нәрселерінің бағасын төлегеннен кейін алу
тиіс.
12-ші   пункт: қазақтың егін еккен я егін егейін деп
даярлаған жері патшалыққа алынатұғын болса, ол жерлер егінін егіп алғанша бұрынғы
иесінің қолында бола тұрады.
13-ші   пункт: жерінен көшпекші қазақтарға пунктте а,
б, в харіптерінің тұсында айтылған жерлерін алғандықтан көрген зарары үшін, осы
насихат бұйрықтың 14-16-шы пункттерінде айтылған жол бойынша, көшіруден бұрын
ақша төлеу тиіс.
14-ші   пункт: көшірмекші болған мүліктерді, алынбақшы
болған жерлерді, су үшін жасалған нәрселерді, еккен ағаш, егіндерін жер жұмысының
чиновниктері (произво-дитель работ) қағидаға тіркейді. Ол қағидаға жазылады: а)
үй иесінің есімі; ә) жерінің түрі, ұста салған мүлкі, еккен ағаштарыменен; б)
үй иесі, білім иесі адамдар, қазақтың жер жұмысының чиновнигі - бәрі қосылып,
мүлікті жаңадан берген қонысқа көшіруге шығатын расходы; в) бұзу расходы,
қайтадан орнату расходы, сынатын, бүлінетін шығындарыменен; г) су үшін қазылған
арықтардың, байлаған тоғандардың (бөгеттердің), егіп шығарған ағаштар оғайрижд
егумен шыққан жер түгінің бағалары. Бұл қағида-ға басында болған мүлік иесі,
жер жұмысының чиновнигі, басында болған қазақтың білімді адамдары қол қояды.
15-ші   пункт: бұл
тіркеу қағида, алынатын жердің жігін ашқан планымен, мүлік иелерінің сұраған хақысы шығыныменен - бәрі
мезгілгі (временная) комиссияға түсіп, сонда переселенческий правиланың
145-149-шы статьяларының жолымен қаралады. Егер жер жұмысының чиновнигі тіркеген мүліктің кескен
бағасының дұрыстығын анықтау қажет болса, мүліктің басына барып, қайтадан
қағидаға тіркеп, қайтадан бағалайды.
16-шы пункт: мезгілгі
комиссияның кескен бағасына риза болмаған мүлік иелері областной правлениенің
общий присутствиесіне арыз етеді, оның айтқан хүкімі - бітім.
17-ші   пункт: жер
жұмысының чиновнигі жері алынатын қазақтарға үй басына бір адамнан шақырып,
волостной управитель һәм ауылнай старшинаның алдында жер алатын жобасын айтып
естіртеді. Естірткеніне протокол жасалады, оған шақырылған қазақтардың, лауазым
иесі адамдардың, чиновниктің қолдары қойылады, протоколға жазылады: а)
чиновниктің істемекші болған планы; ә) оның планы турасында қазақтар айтып,
чиновник қабылдаған, қабылдамаған арыздары; б) қазақтың қабылдаған арызы
бойынша түзетіліп шыққан жердің планы, граница жүретін жерлерін қалдырмай,
түгелдей тіркеледі.
18-ші   пункт:
мұжықтарға алатұғын я патшалық запасқа апаратын жерлер планы переселенческий правиланың ( иод закон, том
IX.) 146-149-шы статьяларының жолымен
қаралып, бекіледі. Мұны қарайтын мезгілгі комиссияның ішінде жері кететін волостной сиезбен
сайланған дауыіс иесі бір өкіл болады.
19-шы пункт: қазыналық жерге
салынған қалалар қазақтарменен
суды қалай пайдалану ретін переселенческий 145-149-шы статьяларының жолы бойынша  комиссия айырады. Комиссияның хүкімдері болмаған жағы областной правлениенің общий
присутствие  арыз етеді.
20-шы пункт: отырып,
қала ретінде боламыз деген қазақтар
жер бөліп беретұғын партиялар қазақ пайдасында сиатын жерден (5-ші һом 9-шы пункттерде айтылған) Мұжықтармен
теңгеріп, жан басына 15 десятинадан жер кесіп береді. Олардың хүкімет билеу турасындағы һәм сот реті общий крестьянский положенияның  47-112 һом 154-229-шы статьяларының жолымен болады. Бұлайша орын алған
қазақтарды казенной үй алымынан шығарып, оброк алымына түсіреді, Мұжықтармен
қатар алым салып, сол казенной, билігінде, областной правление қала ретіне шыққан қазақтардың хабарын
жеткізгеннен кейін, оларды қазақ , Мұжық
есебіне жазу.
11 ші пункт: қала ретінде боламыз деп бүтін ауылнай бәрі я бір шамасы ғана, я жалғыз үй
иесі қураса да, аз-көбіне
қарамай, 20-шы пунктте айтылған  орнына орналасады. Обществаның бөлек үй
болып,қазақтардың қаласына
кірісіп я өз лдына басқа қала
Полын.
II ші пункт: жер үлесін жан сыбағасыменен алғандықтан 21 -ші пункттердегі) артылып
қалып, патшалыққа жерлер қазақты тегіс орындастырып, жер ретін шейін жерлес
үйлердің, ауылдардың пайдасында  болады.