ВЕРНУТЬСЯ

    Ызыңдап ұшқан
мынау біздің маса, 
Сап-сары, аяқтары ұзын маса:
Өзіне біткен түсі
өзгерілмес,
Дегенмен қара,
яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның
айнала ұшып,
Қаққы жеп,
қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да
болса бөлмес пе екен,
Қоймастан
құлағына ызыңдаса?!