Даланың күнге
күйіп, аптап өткен үстінен
күйіп, аптап өткен үстінен
Бұлт шықты қаптап
көктен.
көктен.
Қуанды шаруалар
«я, Құдайлап!»,
«я, Құдайлап!»,
Жерді бір суарар
деп қурап кеткен.
деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды
халық үміт етіп,
халық үміт етіп,
Тамбастан өте
шықты құр желдетіп.
шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт
құя салды,
құя салды,
Далаға қурап тұрған
жаумай кетіп.
жаумай кетіп.
Теңізге
пәрменінше құя салып,
пәрменінше құя салып,
Мақтанды мырзасынып
тауға барып.
тауға барып.
Тау айтты: «Сен
мақтанып келіп тұрсың,
мақтанып келіп тұрсың,
Мен тұрмын бұл
ісіңе қайран қалып.
ісіңе қайран қалып.
Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған
егіндерге,
егіндерге,
Көк шығып, жер
отайып, егін өсіп,
отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер
еді пайдаң елге!
еді пайдаң елге!
Не қайыр қазір сенің жауғаныңнан,
Сенсіз де су жетерлік теңіздерде!»
* * *
Жиылып кеңес тындап отырғандар,
Ғибрат мұнан
да бар алсаңыздар.
да бар алсаңыздар.
Бұлттай жерге
жаумай, суға жауған
жаумай, суға жауған
Қазақта іс ететін
көп адамдар.
көп адамдар.
Жұмсамай тиісті
орынға мал, өнерін
орынға мал, өнерін
Біреулер жүреді,
оған не амал бар?!
оған не амал бар?!
Мысалы, қазақ - дала, орыс - теңіз,
Даланы, шама келсе, көгертіңіз.
Мұң десең, мұқтаж
десең - қазақта көп,
десең - қазақта көп,
Емес пе мұны
ойламақ міндетіңіз?
ойламақ міндетіңіз?
Мақал бар:
«Жақсылықты басыңа қыл,
«Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, -
деген, - досқа істеңіз».
деген, - досқа істеңіз».
Мен мұны арнап жаздым замандасқа,
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа.
Бұл сөзді
сендерге айтпай, кімге айтамын,
сендерге айтпай, кімге айтамын,
Болады асыл
таста, ақыл жаста.
таста, ақыл жаста.
Қарышта өз
жұртыңа, барың болса,
жұртыңа, барың болса,
өзге елдің өзінде
көп бізден басқа.
көп бізден басқа.
- 89 просмотров