Қаз едік қатар
ұшып қаңқылдаған,
ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан
шыққан душар болып,
шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде
шарпылмаған?!
шарпылмаған?!
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.
Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң
туған бозбала кеп
туған бозбала кеп
Киіздей шала
басып, қарпылмаған.
басып, қарпылмаған.
Еңкеңдеп ет
аңдыған шалдар да көп,
аңдыған шалдар да көп,
Телміріп, бір
тойғанын ар қылмаған.
тойғанын ар қылмаған.
Ақ көңіл,
алаң-бұлаң адамдар бар
алаң-бұлаң адамдар бар
Есептеп азын
көпке, аңқылдаған.
көпке, аңқылдаған.
Қайырсыз, неше сараң байлар да бар
Қайықтай толқындағы қалтылдаған.
Бәрінен тыныш
ұйықтап жатқандар көп,
ұйықтап жатқандар көп,
Ұмтылып талап
ойлап талпынбаған.
ойлап талпынбаған.
Солардың қатарында біз де жүрміз
Мәз болып құр
түймеге жарқылдаған.
түймеге жарқылдаған.
Не пайда өнерің мен біліміңнен,
Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?
Бұл бір сөз қасірет етіп, хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет,
қазақ азған.
қазақ азған.
Байға мал,
оқығанға шен мақсұт боп,
оқығанға шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың
қамын адам аздан.
қамын адам аздан.
- 114 просмотров