ВЕРНУТЬСЯ

      Алматыда жүр жортып

Бота тірсек бозбала.

Өзін мақтап әр жерде,

Баққаны өсек сөз ғана.

«Белинский не Пушкин

Қайтсем дағы боламын!» -

Деп жағалап жүр көптен

Жазушылар одағын.

«Мұхтарың
да Сәбитің,

Жазушы ма Ғабитің?

Әбділда мен Тайыр-ай,

Ақын боп па, тәйір-ай!» -

Деді де ол кірісті

Белинский болуға:

Сайлады сөз шоқпарын

Ақындарды соғуға.

Жиналыста оттады,

Сынаймын деп боқтады.

Қара тер боп қалжырап,

Арақ ішіп тоқтады.

Кірісті өлең жазуға,

Сөзді салып азуға.

Жебемеді ұлы
акын,

Қалды байғұс
қажуға.

Шарап ішіп шабытын

Шақырса да, шықпады.

Шықты ұйпа-түйпасы,

Mac боп барып ұйықтады.

Қайғысынан осының

Барды үйіне досының.

Айтты досы ақылын:

- Тыңда, - деді, - ақыным

Сабыр ойла, саспашы,

Тым ертерек таспашы.

Бірден Пушкин болмай-ак,

Баймұқанша басташы...

10 тамыз, 1954.