ВЕРНУТЬСЯ

        Сырт кескінің дәл
бұрынғы байдайсың,

Айырмаң тек: сен галстук байлайсың.

Еліретін, семіретін жөнің бар,

Құсасың
да, оны қайта шайнайсың.

Бас қатырып неме керек тың ойға!

Әрқашанда оңайға тарт, оңайға.

Семіре түс, сескенсін жұрт сыртыңнан,

Тек жарылып кетпе бірақ, соны ойла.

Көңілдің кілті жатыр ықыласта,

Ашық қабақ, сусын мен адал аста;

Әркім қалай ойлайды, өзі білсін,

Соны біреу ойлатты-ау біздің басқа.

1952.