ВЕРНУТЬСЯ

        Сен едің мені айырған достарымнан,

Долы жау дүниеге салған лаң!

Бөбегін махаббаттың жалынға атып,

Кеудеме қан аралас мұз қатырған.

Орыстың ойран салып орманына,

Қазақты қуғандай ең даласынан...

Дариға, бізге де бір тиді кезек.

Сені өртеп жатыр міне ызалы кек.

Енді ме есің жаңа, есер дұшпан,

Етесің енді неге безек-безек?..

Алайық ту
сыртынан сығып жанын,

Қайта бас көтермесін өлікті жеп!

1945.