ВЕРНУТЬСЯ

     Ішімде жанартаудай жатыр жырым,

Ұшқындап
іште қайнап сүрапылым.

Көрерсіз соның бұрқап
атылғанын

Жаңғыртып жан түкпірін, ойдың шыңын.

Өлеңнің қаптатармын отты селін

Толасыз топанындай ертегінің.

Білерсіз кім екенін сонда, Сәке,

Бұл күнде
от шайнаған тентек інің.

1942.