ВЕРНУТЬСЯ

       Осы біз дуракпыз ба, ақынбыз ба?

Естіге - ақын, бұзықпыз
ақылсызға.

Қырғидай кеп тиеміз әрқашанда

Қаз-үйректей қаптаған қатын-қызға.

Еңбек етсек, күш төксек, ақша тапсақ,

«Метроға» кіреміз әуел бастап.

Қатын-қызға қалғанын беріп салып,

Ақша жоқ деп жүреміз он күн қақсап.

Осымыз да, япырмау, дұрыс боп па,

Көңіл тежер уақытымыз
жеткен жоқ па?

Желігуден жалықты жаным менің,

Caп, caп, көңілім, лепірме, тоқта-тоқта!

Кезбен енді махаббат базарын да,

Алман сатып қымбатын, арзанын да.

Шылым тістеп, ой ойлап, қиял шарлап,

Бел байладым жатуға жар жанында.