ВЕРНУТЬСЯ

     Бұйра жонын күнге
төсеп, жылынып,

Тастар жатты көшемде.

Көктем келіп, кеткендей-ақ тіріліп,

Жансыз тас қой десең де.

Ақын деген кызық
жан ғой кей кезде,

Жансыз затпен
сырласар.

Жансызға жан берейікші дейміз де,

Көп болған соң жансыздар.

Тартып сырын
табиғаттың, тастардың,

Бір нәрсені
үйрендім.

Көктем келіп, күліп жатқан тастарды

Басуға мен имендім.

«Әттең, шіркін,
берер ме еді сезімді?

Тас болғаны -
жазғаны», -

Деп тұрғанда,
бір есерсоқ өзімді

Басып кете жаздады.

1946.