ВЕРНУТЬСЯ

      Тіліңіз тәтті, ойыңыз қандай!

Тыңдадым, ұқтым
жан күйіңізді.

Болар ем күнде бір жасарғандай, -

Көп туса қазақ дәл сіздей қызды!

Ойыңыз жарқын, тойыңыз жақын!

Қуаныш, бақыт - бір өзіңізде...

Жүрегіңізге тимесін салқын,

Ұрынба,
жаным, ертелей күзге.

1946.