ВЕРНУТЬСЯ

      Қан қақтаған жалпақ дала

Жанымдай боп жатты өртеніп.

Кешкі аспан қызыл ала

Төмен түсіп, тұрды
төніп.

Оралғандай тұмша
бұлтқа,

Отырдым мен бейне қүз тас.

Ішкі толқын теуіп сыртқа,

Шашырады көзімнен жас.

Отты желі сағыныштың

Өтті қарпып, шарпып жалап.

Өз жасымды өзім іштім,

Кеуде қаңсып, жан қаталап.

Сол кез, досым, бақыт құсы

Қауырсынын малып қанға,

Тіршіліктің хабаршысы

Іздеп мені қан майданда;

Жарқ етті де, келді, қонды

Менің алақаныма кеп.

Әмма сайрағандай болды,

Жайып қанат, үні елжіреп.

Ақ қанатты бақыт құсы-

Ақ қағазға жазылған хат.

Қанды сапар жолаушысы-

Хат қадірін білер солдат.

«Хат қадірін білер солдат»

Деген оймен мені ескеріп,

Досым, құрбым,
жазыпсың хат,

Жүрегіме болды серік.

Тапты ұя
көкірегімнен,

Бір жаңардым қайта түлеп.

Өршіп, қаулап тірілдім мен,

Қатар соғып екі жүрек.

1944.