ВЕРНУТЬСЯ

       Кейде көңіл құлазып,

Тым көңілсіз боламын,

Отырғандай құр қажып

Ішінде сүр моланың.

Сол моланың есігін,

Кенет біреу қаққандай.

Сілкінемін, естіп үн,

Досым келе жатқандай.

Еркіндеп-ақ келесің,

Өлең шіркін, күй шіркін!

Мені қозғай бересің

Дүркін, дүркін, әр дүркін.

Поэзия, асыл жар,

Бір өзіңе тең болсам.

Менде қандай арман бар,

Мәңгі бірге сен болсаң.

19 наурыз, 1953.