ВЕРНУТЬСЯ

      (Ақын өлімі туралы аңыз)

 

     Майдан етіп дүние төрін,

Темір, болат қақтап отқа,

Жекпе-жек кеп өмір, өлім,

Соққыласып жатқан жоқ па?

Арқалап сол майдан жүгін,

Қырғын соғыс ортасында

Көкірегінің кекті зілін

Қоса түйіп қорғасынға, -

Қанды қырғын қапылыста

Айрылып бар жолдасынан,

Жараланған жолбарыстай

Өрт жанарлы бір жас үлан

Ырғып бұлттан
түсер жайдай,

Өзі оқ боп атылғандай,

Ерегіске жанын тігіп,

Күтті жауын,

Тас бекініп.

Өмір гүлін жаншып, таптап,

Шаштан сүйреп махаббаты,

Жерімізде жындай қаптап,

Найзаға іліп ар-ұятты,
-

Келе жатгы сұм
жендеттер,

Жиіркеніп,

Жиырылды жер.

Жауға тамшы татырмастай

Буырқанып тасты өзендер.

Ашулы жел ащы даусы

Тұндырғандай
жау құлағын.

Сол аймақтың әрбір тасы

Күйретердей жау қамалын...

Қанды көбік қара топан

Ортасында бейне шың тас,

Өр кеудесін етіп қалқан,

Сол баяғы жатыр бір жас.

Қойып айды қарауылға,

Күн де шомды ұлы
ұйқыға.

Қовды орманға қорғасын бұлт

Жат дыбысқа құлағын
caп,

Тың тыңдаған адамға ұқсап,

Айнала аймақ тұрды
жым-жырт.

Ойшыл орман мүлгіп-қалғып,

Төңіректің сырын аңдып,

Жайлап қана тартып сырнай,

Сыр шертеді ну қарағай.

Сонау орман етегінде

Жаланған от сатыр-сұтыр.

Қанды ізін қара түнге

Көме тастап жаулар отыр.

Сол бір оттан ыршып бір шоқ

Түсті ме ер кеудесіне?

Қойылғандай болды сол от

Динамиттің білтесіне.

Қасақы жау қарсы алдында

Қасақана
көрсетіп қыр,

Сенің алтын ошағында

Зұлымдық
от жағып отыр!

Түскен дұшпан
терезеңнен

Қапылыста салып жара,

Қуса сені өз төріңнен,

Көнсең соған,

He масқара?!.

- Қүдірет күші жер-жаһанның!

Қанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың!

Күллі әлемнің ашу-кегі,

Орна менің кеудеме кеп!

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да, жарыл, жүрек!

Бар арманым, асқар тауым,

Көтеріл, ел, намыс туы! -

Деп ер ұлан
бақты жауын,

Жарқ-жұрқ
етіп жан ашуы.

Қанды пышақ - жау күлкісі

Қақ жарғандай түн жүрегін,

Шошып ұшты
орман құсы,

Көл күрсініп алды демін.

Қызғыш болып қызғанышы,

Қимай көлге жау арнасын,

Жалын шарпып дем алысы,

Құшып
жерін, сүйіп тасын,

Жүрегіндей сол аймақтың

Алас ұрды
намысты ұлан.

Ащы зары махаббаттың

Естілгендей күйінді жан.

Кеуде кегі, жан ашуы

Кетті шығып от өзектен...

Көтерілді жаудың шуы,

Түскендей-ақ қаһар көктен.

Айнала жау ырсыл қағып,

Айдаһардай көтерді бас.

Кетті лезде қызып, жанып

Дүниедегі бір ұлы
айқас.

Зілзәлә боп жер мен аспан,

Соқты ұйытқып
оқ бораны:

Қан кілкіте қара тастан,

Түрткіледі
кең даланы;

Қара толқын орман шашын

Жұлды
талдап снарядтар;

Мәңгі мекен көл жағасын

Тастап, суға сүңгіді жар.

Ұмтылды
жау ондап, жүздеп,

Тойтарам деп ердің сағын;

Тұтқын
етіп аламыз деп,

Айқара
ашып оқ кұшағын.

- Ала алмайсың!
- деді ұлан

-Алмай қойман! - деді жауы.

Қысты келіп жан-жағынан

Темір торлы жау құрсауы.

Жеті қабат жер өзегін

Жарып шыққан отты селдей

Бет қаратпай, өртеп лебі,

Оқ орағын орай сермей;

Соғып жерге жау жүрегін,

Төңкерілтіп төңірегін, -

Бұрсанды кеп батыр ұлан,

Автоматтан түтетіп оқ,

Жау тобына лақтырылған

Жер мен көктің кәріндей боп.

Қанжарына қарақшының

Қарсы тосып өз кеудесін,

Қорғады жер батыр ұлын,

Жаралы ана жиып есін.

-Алмай қойман! -
деді дұшпан,

-Ала алмайсың! -
деді ер ұлан.

Қайсарлыкпен шыққан даңқы

Келе жатты ауыр танкі.

«О, қүдірет! Құнсыз
темір

Кеше ғана жатқан шаңда,

Біткендей-ақ бойына өмір,

Зірк-зірк етіп қан майданда,

Көрдіңдер ме, енді мынау:

Сайысады адаммен бұл.

О, зымиян, сүрқия жау!

Қайран өмір, қайран ақыл!» -

Лақтырылған бір шумақ от

Жіберді өртеп жау танкісін.

Ол темірден алды тартып,

Адамзаттың өнер-күшін.

Ыза боп жау жіберді өрт,

Кідірді ер, оқ таусылып.

Автоматы ең соңғы рет

Алды демін, тынды сұлық...

«Алтын туын бостандықтың

Бір килодай қорғасынға

Күліп тұрып
сатқан сұмға

Мен бе екем болар тұтқын?!» -

Серпіп ойын, сілкіп бойын,

Тұрды
атып, қарады өртке.

Қалды қатып, салып зейін

Таңғажайып бір суретке:

Қызыл, жасыл киінген өрт

Көрінді оған боп қызойнақ.

Толқып торғын, жайнап букет,

Тым сиқырлы билеп, ойнап.

Айтып жұмбақ
өлеңдерін,

Аңыз болып бір сұлу
жар,

Желпіп жалын желектерін,

Келе жатты От сұлулар

Ашып отқа омырауын,

Естісін деп қырсық жауым,

Айтты ол шырқап өрт ішінде

Сүйгені әні «Қарғамауын»...

Қайсар батыр от киінген

Күш-қайратын тіске жиып,

Жаңағы ақшыл ер жүзінен

Жалын тілі тұрды
сүйіп.

Шұғыла шалған кешкі
бұлттай

Толқын шаштаы оттар
ойнап,

Өрт топанын кешіп Нухтай,

Жалғыз өзі тұрды
бойлап.

Тұрды ұқсап, тұрды кейде,

От ұстаған  Прометейге.

Алыстағы нажағайдың

Қара түнгі қанатындай,

Жарқ-жұрқ
етті жүзінде айбын,

Атылғандай ішінде жай.

Жан күнінің нұр
шапағы -

Күлкі ойнады келбетінде.

Сәл шытынап ай қабағы,

Ең соңғы рет келді тілге:

- Жау жанында сен сүйкімді,

Кел бері, өлім, күйіңді шерт!

Менің адал жүрегімді.

Жел, туған елге алып жет!

Қош бол енді, туған елім!

Кетті де бір қарыздар жан.

Бұл емес
ед көксегенім,

Бұл емес
ед арман, арман!

Осы-ақ болды-ау, әттең, шіркін!

Сен бөгелме ұлы
жолдан,

Туған халқым, туған жұртым!

Сенің ашу арыстаның

Сілкуші еді жер мен көкті.

Ту сыртынан сығып жанын,

Алшы жаудан, алшы кекті.

Жасашы той! Бәлкім, сонда

Еске алып бұл
бөбегіңді,

Бір азамат өз ортаңда

Оқыр менің өлеңімді.

Қош бол енді,
туған елім!

Кеттім, кеттім боп карыздар.

Жоғал, жауым! Кел бері, өлім!

Қош бол, достар! Достар! Достар!!!

«О, дүние!» деген даусы

От ішінде сәл тұншығып,

Өмір ақтық музыкасы

Басталды да, қалды тынып.

Қағып алып сол
бір күйді

Жалғастыра көкте жырлап,

Өрт үстінде көк түтінді

Құстар
байғұс жүр шырылдап.

Айтып жұмбақ
өлеңдерін,

Аңыз болып бір сұлу
жар,

Желпіп жалын желектерін,

Келе жатты От сұлулар!

Айтты да ол соңғы сөзін,

Аударды бір отты көзін.

Жанарымен шырқ үйіріп,

Жер мен көкті алды жиып.

Сол бір көздің аясына

Кеткендей ед дүние сыйып.

Күй көңілді, жаз бейнелі

Алтын өмір мың кұлпырып

Көз алдында жардай күліп,

Қасақана алды тұрып.

Ғашық жардай қайран өмір,

Қиналдырмай қалатын ба ең,

Желпуші еді ол, жуытпай кір,

Құс жанының
қанатымен.

Кейде сағым, кейде жауын

Арбады елес көз жанарын,

Көрді бәрін, құшты
бәрін:

Туыстарын, жан достарын...

Кенет осы сұлу
сурет

Тұрған жайнап
көзді тартып,

Сұп-сұрланып, о, керемет,

Орны-орнында қалды қатып.

Тұр еді ол
үсте жалын

Алтын тудай шалқып, лаулап.

Жалт етті ту, жалт берді өмір,

От төсекке түсті аунап.

Ұшты құстар шартарапқа

Хабарлауға ер өлімін.

Ұмтылды
жау таптамаққа

Ең болмаса қалған күлін.

Бұлтын
жиып көкірегіне,

Күрсінді бір аспан ауыр.

Қос қанатын соғып жерге,

Азаланып жеті дауыл.

«Таптатпан, -
деп, - күлін жауға!»

Құшып алып кетті
дауыл.

Республика аспанында

Осынау күйді шертті дауыл.

 

ЭПИЛОГ

 

Ата қазақ ақ сақалды,

Атыңа мін, ал домбыра.

Жина жырмен ұрпағыңды,

Аш кеудеңді батырыңа.

Жина-жырла бата
оқырға...

Алтын тулы ару
таңның

Жаралғандай
шапағынан,

Жүрегіндей сұлу
жардың,

От қанатты ақын ұлан
-

Жан еді бір
жатқан жұмбақ,

Сол бір жұмбақ
шешілді енді.

Қайғы отында қайрат шындап,

Түсір еске есіл ерді.

Аты оның еді Абдолла,

Алшы жаттап, балғын бөбек.

Алтын қалам алшы қолға,

Ағаңа ұқсап
жазшы өлең!

Аш жүзінді, шашыңды жи,

Жас арулар, шық ортаға.

Ойнашы күй, ойнашы күй,

Жасыңды тый, қарт ата-ана!

Соқсын дауыл даусымыздан,

Жырлайықшы қосылып бір!

Көрдің бе, әне, сонау құздан

Күле қарап Абдолла тұр!

Қиыр Шығыс. Госпиталь.

1943 ж.