ВЕРНУТЬСЯ

       Хат жоқ елден: достан да, жақыннан да,

Шынымен-ақ шіркіндер ұмытқан ба?

Жапа-жалғыз тұңғиық
ойға батып,

Ұқсаймын
су түбінде отырғанға.

Жалғыз сенсің сырласым, осы өлең,

Ақын жыры, туысы, досы - өлең.

Мейлі мені ұмытсын
дүние жүзі,

Жырлап тудым анадан, жырлап өлем!

1944.