ВЕРНУТЬСЯ

     Тезірек шық ала бұлттан!

Жігіттің жүрегімен алабұртқан

Ойнайды

сырғалары сылдыр қағып,

Арулар сөзі астарлы ән ағылтқан.

Қуаньш, қызық дәурен кешті-ау бәрі,

Осында жыр - бұлақтың бастаулары.

Бәрі әуен!

Әуен ушін тағылады

Қыздардың алқалары, шашбаулары...

Әдемі ойын ғой бұл халқыма тән,

Халқымның қазынасын жарқыратам.

Қайта өрлеп,
қалықташы Ай астында,

Шаттығы жастық шақтың - алтыбақан!