ВЕРНУТЬСЯ

      Жақсы әндер -

Жалғандағы жан құмары,

Жай даусым

Әнге салсам, қарлығады.

Ал бірақ онда не тұр!

Жүрегімде -

Халықтың барлық күйі,

Барлық әні!

 

Тартылып,

бір күй бітсе,

жаңа бір күй,

Тәтті әуен

өз жанымнан табам ылғи.

Жанымның түкпірінде

тұратындай

Сызылтып скрипкасын Паганини.

Жүргендей

сол бір ғашық көктемімде

Толамын

Сағыныш боп жеткен үнге.

Сезімім -

симфония,

өн бойымда

ойнайды

өмір бойы

Бетховен де!

Ән маған,

мен әндерге бөтенмін бе?

Ән іздеп

алаңдаймын өтер күнге.

Білмеймін,

неткен жанмын?

Көкірегімнен

Кетпейді сағынышы Шопеннің де!

Бірінің шыңы биік,

құзы төмен -

Қуансам,

қүйылады қызық әуен.

Күресем

қажырлы әннен

қайрат алып,

Жырлаймын

ішімдегі музыкамен