ВЕРНУТЬСЯ

 
   - Ауыл сырты
маржан көл, 

Маржан көлге баралық, -

Деді жеңгей Маржангүл,

Қою шашын таранып.

Көлге құмар
жандармыз,

Кете бардық
біз саулап.

Шомылармыз, жалдармыз,

Қиқу салып, құс
аулап.

-Қайық бар ма, жеңеше? -

Деп сұрасақ,
«жоқ» дейді.

-Айып бар ма, ендеше?

-Кеме бізде көп, - дейді.

Келеді ертіп жеңгеміз,

Сөзінде әлде сыр бар ма...

Келіп жеттік
көлге біз,

Көлге
емес... қырманға!

Қимылдадық біз дағы,

Көлге маржан толсын деп,

Маржан көлдің қыздары

Бізге риза болсын деп.

Талай әнге қосылып,

Жаздың жырын жаттадық.

Маржан көлден жосылып

Алтын дария жатты ағып.

1948-1950.