ВЕРНУТЬСЯ

Табыстырған әділет, теңдігіме,Қол жеткіздік қазақтың елдігіне.Құтты болсын күттірген жаңа заман,Азаттығым аңсаған келді, міне. Аспан зеңгір қарасам,Қызығың көп санасам.Жаны жайсаң халқым-ау,Таусылмасын тамашаң. Боп жүргенде күлкің аз, уайым басым,Жаңа күнің жақсылық дайындасын.Көсіп қалған қолыңды көп дүниені,Тоқшылықтың жалынан айырмасын. Болсақ-тағы сан ығыр,Көктемдердің жаны гүл.Айналайын, халқым-ау,өмір қымбат бәрібір.Сұры қашып қанша рет тірлігіңнің,Қанша рет бір тұрып, бір бүгілдің.Енді қанша келсе де күңгірт заман,Берекесі қашпасын бірлігіңнің. Артып елдік айбынын,Жарқырасын Ай-күнің.Ырыс құйып, халқым-ау,Үстей берсін байлығың. Тереміз деп сенейік ырыс гүлін,Төзімділік дегенің ұлы іс бүгін.Аман болсын еліміз алдыменен,Тілейікші заманның тыныштығын.