ВЕРНУТЬСЯ

Жігіт еді ол.

Ал онда,

Біз балауса бала едік.

Тұрып елең - алаңда

Жүгіретін ол тал егіп.

Бүгінде ауыл сыртында

Кеңге құлаш созды бау, -

Бағбанның мұртында

Шілдеде де боз қырау.

Кеп - кешегі жапан түз

Жайқалған кәузір гүл алаң.

Кәрі жерді жасартып

Қартаяды екен бұл адам.