ВЕРНУТЬСЯ

    Қазақтың ханы
Абылай,
Абылай ханым, бұл
қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып
торлады.
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың
қамал-қорғаны.
Қайғырмаңыз,
ханзадам,
Айтпасыма
болмады,
Батырың өтті -
Бөгенбай!
Қиядан қиқу
төгілсе,
Аттың басын
тартпаған,
Қисапсыз қол
көрінсе,
Қорқып жаудан
қайтпаған,
Қазақ деген
халқынан,
Батыр шыққан
даңқынан,
Қарсыласқан
асылдар
Қорғасындай
балқыған,
Батырың өтті -
Бөгенбай!
Бұтақты мүйіз бұғысы
Саласында
жайылған,
Мылтық атқан
мергені
Киігін қойдай
қайырған,
Құланы құлындай
тулаған,
Түлкісі иттей
шулаған,
Қыс қыстайтын
жеріңді
Аң етімен тау
қылған,
Батырың өтті -
Бөгенбай!
Асу салған тас бұзып
Тарбағатай белінен,
Қол қондырған
қос тігіп
Бөрлі деген
көлінен,
Қалмақты шапқан
шулатып
Ақшәулінің
өрінен,
Қоныс қылған
найманға,
Бәрін қуып
жерінен,
Батырың өтті -
Бөгенбай!
Қаракерей
Қабанбай,
Қанжығалы
Бөгенбай,
Қаз дауысты
Қазыбек,
Шақшақұлы
Жәнібек -
Ормандай коп Орта
жүз,
Сондан шыққан
төрт тірек.
Тұғыр болған сол
еді
Сіздей төре сұңқарға.
Бәйгелі жерде
бақ болған
Сіздей жүйрік тұлпарға.
Қайғырмаңыз,
ханзадам,
Келмей тұр аузым
айтарға,
Батырың өтті -
Бөгенбай!
Еңбек қылған ел
үшін,
Жауда кеткен кек
үшін,
Қазақтың абырой-арына
Сарп қылған бар
күшін,
Қайыры болсын
халқыңа,
Сабыр қыл, ойла
келмесін,
Қарияң келіп
жылап тұр
Еңбегі сіңген ер
үшін,
Батырың өтті -
Бөгенбай!