ВЕРНУТЬСЯ

    Уа, Алатаудай
Ақшадан
Асып тудың,
Бөгенбай!
Болмашыдай
анадан
Болат тудың,
Бөгенбай!
Қалақайлап
дулатқан,
Қалдамандап
шулатқан
Қалмақты алдың,
Бөгенбай!
Құбыла көшкен
байтақтың
Ордасындай
Бөгенбай!
Темір жұмсап, оқ
атқан
Қорғасындай
Бөгенбай!
Қолтығы ала бұғының
Пойкесіндей
Бөгенбай!
Жалаңқия жерлерден
Жазбай түсіп
түлкі алған
Білегі жуан
бүркіттің
Тегеурініндей Бөгенбай!
Баянаула,
Қызылтау,
Абыралы, Шыңғыстау,
Қозы Маңрақ, Қой
Маңрақ,
Арасы толған көп
қалмақ;
Қалмақты қуып
қашырдың,
Қара Ертістен
өткізіп,
Алтай тауға
асырдың!
Ақшәуліге қос
тігіп,
Ауыр қол жидырып
алдырдың;
Қалмаққа ойран
салдырдың!
Қабанбай мен
Бөгенбай,
Арғын менен
найманға
Қоныс қылып
қалдырдың!