ВЕРНУТЬСЯ

     Көкте бұлт
сөгілсе,
Көктеп болмас,
не пайда;
Көкіректен жан
шықса,
Қайтып келмес,
не пайда;
Дін пұсырман
болмаса,
Тіл пұсырман не
пайда;
Қызда қылық
болмаса,
Құр шырайдан не
пайда;
Ерге дәулет
бітпесе,
Шүлдіреген қызыл
тілден не пайда;
Мал араға
түспесе,
Құр айтқаннан не
пайда;
Байдан қайыр
кеткен соң,
Мал да кетер, не
пайда?!