ВЕРНУТЬСЯ

    Бұл, бұл үйрек,
бұл үйрек,
Бұл үйректей
болыңыз,
Судан суға шүйгумен
Көлден көлге
қоныңыз.
Байлар ұғлы
шоралар
Бас қосыпты
десін де,
Маң-маң басып
жүріңіз,
Байсалды үйге
түсіңіз.
Айнала алмай ат
өлсін,
Айыра алмай жат
өлсін,
Жат бойынан
түңілсін,
Бәріңіз бір
енеден туғандай болыңыз!