Ыбеке, көрдім
аман, тірі екенсін,
Арқалап ақ
домбыра жүр екенсің.
Жаңарған жаны
таза ақын десем,
Түйтіксіз
тілексектің бірі екенсің.
Түспесе айқайыңа
тиын-тебен
Түкситіп
қабағыңды түнересің.
Айтпасаң елдің
сырын, ердің сөзін
Дей қояр сені
бүгін кім «еркешім».
Ән, жырың
ағайынмен жараспаса,
Қалайша қайыршы
боп күнелтерсің?
- 102 просмотра