ВЕРНУТЬСЯ

            I

           Тым жас едік ол жылдарда,

Қарады жау біздің
жаққа,

Жаудың көзін
жаутаңдатты

Жарқыраған алтын қақпа

Оқ жаудырды
самурайлар

Қақпаны ашып жол
салмаққа.

Жас та болсақ
тартынбадық,

Жағаласа міндік
атқа.

Үлгірмеді
жамалуға

Жыртық шинель,
кір папахтар,

Ақ семсерлер
жалтылдады

Жауға қарсы
жөнелді аттар.

Ленин аты болды қуат

Қан төгілген кең
майданда,

Партизандар өшпес
мәңгі

Самурайға салды
таңба.

II

Тас түлектей түледік
біз

Мызғымады алтын қақпа.

Самурайлар қайта
аттанды,

Бел байласты
тартынбасқа.

Жыртық шинель қалған,
қашан,

Біз бе зәру мінер
атқа!

Бердік сөзді
зеңбірекке,

Пулеметке,
гранатка.

Самолеттер көкті
басты,

Жерде танк басты отқа!

Қызыл жалын қорғасыннан

Жау басына салдық
ноқта.

Ұлы отаннан алдық
қуат,

Талқандадық қан
майданда!

Тағы қайта
самурайға

Өшпес мәңгі салдық
таңба!

Куншығыста көзді
тартқан

Мызғымайды алтын
қақпа!

Кілті берік
Кремльде

Ашылмайды пейлі
жатқа.

Аққан өзен
бөгелмейді.

Солмайды гүл күн
шуақта.

Асқарды бұлт бұркемейді,

Ән басылмас
ешуақытта.

Батыр өлең
жорыққа әзір,

Батыл серік
азаматқа.

Бомба дайын
жарылуға

Жауға қарсы, тұр
құрғақта.

1938