ВЕРНУТЬСЯ

          Біздің ғасыр
цивилизация ғасыры,

Енді міні атом
дәурі ашылды.

Россияда ұмытуға
айналдық

Ат күшімен күн
көретін тәсілді.

«Тұлпар» қазір
ұйқас үшін «сұңқарға»

Үлкен жәрдем
қинамауға ақынды.

Ал асыққанда
Москвадан шалғайға

Аттан көрі мотор
дұрыс атомды.

Жылқы өсірген,
жүйрікті көп жүгірткен

Болсам дағы қазақтың
төл баласы.

Ойлантады мені қазір
көбірек

Ауыл емес
планеталар арасы.

Лимузиндер
көліктіктен ескірді,

Тұтынудан қалмаса
да әлі де.

Мінгім келеді
қиялдан да ұшқырды,

Жету үшін
ертеңнен де әріге...

Келдім міні
аралауға Реноны,

Көрдім Париж бір
мақтанын тағы да.

Келгенім жоқ
қызықсынып мен оны,

Келдім бауыр
пролетариат табына.

Есімде жоқ
конвейерлер тізбегі,

Аңғармаппын
машиналар бөлшегін.

Қалды есімде жұмысшылар
көздері,

Қалды есімде
бізге деген зор сенім.

Қадалса егер
қарап саған кекпенен

Қырық мың бастан
сексен мың көз

жалынды,

Жалтарғанша қашып
одан еппенен,

Жандырып-ақ
жіберер еді жаныңды.

Қадалса егер
сонша көздер, сонша оттар,

Тоймай саған
махаббатпен қарауға.

Көкірегіңе
кұйылып тың куаттар,

Сан таппас ең бақытыңды
санауға!

Сол бақытты
жанымменен сезіндім,

Реноға мен жолым
түсіп бардым да.

Тұрдым ұқсап
Россияма өзімнің

Сексен мың кез,
сексен мың көз алдында.

Тұрдым бейне
туған Отан туындай,

Тұрдым бейне
тұлғасындай елімнің.

Сексен мың көз,
сексен мың көз суынбай

Сүйді мені дәл
өзіндей Лениннің.

Есімде жоқ конвейерлер
тізбегі,

Аңғармаппын
машиналар бөлшегін.

Аңғармаппын
агенттердің көздерін,

Ылтипаттан,
махаббаттан өзгенің.

Бердім жауап үн
шығармай, ішімнен

Миллиондаған
совет халқы атынан:

- Рахмет, Париж,
жүрегіңе түсінген

Сүйген сені океан
махаббатымнан!

роттердамда

«Победа»
Европада,

Мінеки ол
Роттердамға бұрылды,

Көз әйнектер
жылтылдайды жағада,

Көрмек болып
Россияны бұрынғы.

Тоқтады келіп
«Победа»

Мен де тұрмын сол
кеменің бортында.

Тыпыршыған, тықыршыған
жағада

Репортерлар
ерсілі-қарсылы жортуда.

-        Іздемеңдер әуреленіп

Өткен ғасыр
Россиясын бүгіннен.

Табасыңдар тек
музейден

Шабатаны қырық
жыл бұрын киілген,

Рас, біздің
балағымыз кеңірек,

Мен бермейміз
шляпаға сіздерше.

Сынау керек
портнойларды көбірек,

Жақсы тігу қиын
ба екен ізденсе!

Ал бірақ сонау
Марсқа

«Жетер ме адам?»
десеңіздер иланбай.

-        Біз жетеміз одан да кері алысқа,-

Деген жауап бере
аламыз қиналмай.

1957