ВЕРНУТЬСЯ

         Болсам да көзге
қораш көптің бірі

Шыққанда
елеңдеймін топ дүбірі.

Адаммын - еркін
ойлы, жарқын жанды

Көңілімнің
кемімейтін күйі мен жыры.

Мен емес жалған
сөйлеп ант беретін,

Арзан бақ, оңай
даңқка жалт беретін,

Мені мен мендік
дүние мұнарасы:

Серігім - сенімім
мен партбилетім.

Адаммын атым
үлкен - біледі ішім,

Сол менің
мақтанышым, құдірет - күшім.

Білемін кімдер
үшін туғанымды,

Білемін өлерімді
кімдер үшін!

Жан болып, жарық
танып, кіргелі есім

Көргем жоқ бұл
өмірдің күңгірт кешін.

Өсірген өзі Ленин
еркіндікте

Түсірмей
әзәзілдің келеңкесін

Жатсам да ұйқы
шіркін тербеп мені,

Көрмеймін түсімде
де жат дүниені

Көкіректің кең
сарайын кірлетпейді

Тауымның тынбай
желпіп салқын лебі.

I

Тұрганда
топырағында ез елімнің,

Түсінем тіліне
ағын өзенімнің.

Орманның
сырласымдай әр жапырағы

Күлкісі, күбірі
де береді ұғым.

1

Өзімдей өскен
бірге құрбыларым:

Бірі - әнші, бірі
- малшы, бірі - ғалым,

Бақыттың
беттерінде нұры ойнайды,

Жалтылдап
кездерінде жайнап жалын.

Осылар -
батырлары бай еқбектін,

Осылар -
сақтаушысы жер мен көктің,

Осылар - жауды
еріксіз бас идірген

Сілтенген
семсеріндей әделеттің.

Көргенде
достарымның келбеттерін

Өмірге құмарлығым
артар менің.

Шаттығым,
махаббатым жырға айналып,

Ұшады ұясынан өр
кеудемнің. .

Қиядан көз
жіберсем ертеңіме

Боламын
айналғандай ертегіге,

Ұрпағым алыстағы
тұр шақырып,

Жет ақын! Бірақ,
құр қол келдім деме!

Осындай билегенде
отты сезім

Жете алмай
қиялыма айтар сезім,

Үңіліп жүрегімнің
шыңырауына,

Тек қана
түсінемін өзіме езім.

Жан болып, жарық
танып, кіргелі есім,

Өмірдің кергенім
жоқ күңгірт кешін.

Өсірген өзі Ленин
қасиеттеп,

Түсірмей әзәзілдің
көлеңкесін,

Ұшпаймын түн
жамылып жарқанаттай,

Жатпаймын жапанда
бір сенген оттай.

Жетемін жетеріме
жұрт ұйғарған,

Атылған алысқа
арнап снарядтай.

1947