ВЕРНУТЬСЯ

"Өткен XIX ғасырдағы көрнекті қазақ ақындарының бірі  - Базар жырау. Ол Кіші жүздің Шөмекейтайпасы, Балқы руы, оның ішінде Отарбай аталығынан шыққан. Ақынның атақонысы-бұрынғы Сырдария облысы, Қазалы уезі, Көшербай болысының 6-ауылы,«Қарақ» деген жер (қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданы, Ленин ауылдықсоветі). Бейіті - Бұқара облысының Тамды ауданында Қызылқұмның «Жалпақтау»деген жерінде. Базардың әкесі Өтеміс те, ақынның өзі де жоқ-жұқа кедей болған. Кішіжүздің Керейіт еліндегі Оңдас  деген кісіБазарды ата-анасынан сұрап алып бауырына басады. Ол есін білгеннен бастап оналты жасқа жеткенше Аспан елінің атақты байы Жабағының Тәспенінің қойын бағады. {mospagebreak} Ақындықты он алты жасынан бастаған Базар ел билеуге немеседүние табу үшін мал бағу,егін егуге қызықпайды.Өмірін, бар ықыласын өнерпаздықжолға бағыштайды. Халық қамқорын көксеп жырлағаны үшін үстем таптың қудалауымен Қазалы, Үргеніш қалаларының түрмесіне де түседі. Өзінен бұрын шыққан, туғантөңірегіне аты әйгілі Шернияз, Мұсабай, Нысанбай, Ешнияз, Бұдабай сияқты ақын, жыраулардыңүлгісін ұстап, оны әрі қарай дамытады, Сыр бойын, Жайық, Сарыарқа және Хиуа, Бұқарамаңындағы қазақ елін аралайды. XIX  ғасырмен XX ғасыр басындағы оңтүстік өлкеден өрбіген Кеншімбай, Оңғар, Жиенбай, Жорықпай,Кете Жүсіп тағы басқа ақын, әнші, жыраулар Базар жыраудың мектебінен үлгі-өнегеалған түлектер.  Өлең-жырауларын жазбай, суырып салу әдісімен ауызша шығарғанБазар әрі шығарушы, әрі жырлаушы. Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау алыбы - Базар жырау. Ол кітаби ақындар мен сарай ақындарына да ұқсамайды.Шығармаларының мазмұны мен тақырыбы қазақ өмірінің шыңдығынан туған. Тілішешен, түсінікті, замандастарымен салыстырғанда мұнда діншілдік аздау. «Мақпал -Сегіз», «Айна - Тарақ», «Әмина қыз», «Ахмет - Жүсіп» дастандары ақын творчествосынайқындай түсетін күрделі еңбектер. Даңқты жыраудың артында қалған әдебимұраларын жинауға, жариялауға Ә.Диваев, С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан, Ә.Қайнарбаевтареңбек етті. Мысалы, 1925 жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағында жәнеС.Сейфуллиннің басшылығымен 1931 жылы шыққан «Қазақтың әдебиет нұсқалары»кітабында оның бірнеше өлеңдері жарияланды.  "

Базар