Бостандық таңы атты, қазағым,
көріңдер,
Арға ие басшының соңынан
еріңдер.
еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн
шығады,
шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен
безіңдер.
безіңдер.
Арамдық, аразды түбімен
жойыңдар
жойыңдар
Өтірік, өсекті біржола
қойыңдар.
қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып
қайрат,
қайрат,
Қажымай адалдық жағында
болыңдар.
болыңдар.
Бірлік пен талапты еңбекке
салыңдар,
салыңдар,
Өнерлі елдерден өнеге
алыңдар.
алыңдар.
Күндестіктің өзімшіл көзін
құртып,
құртып,
Ұмтылып, ерікті ел болып
қалыңдар.
қалыңдар.
Ар түзер адамның адамдық
санасын,
санасын,
Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек берер
шешіп,
шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің
таласын.
таласын.
Адамның бәрі бір, болмайды
аласы,
аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің
таласы.
таласы.
Ар билейтін заманда нәпсі
өліп,
өліп,
Бірігер еңбекте барша адам
баласы.
баласы.
Адалдың жері жоқ ақырда
жеңбейтін,
жеңбейтін,
Тарихта әрқашан адал жан
өлмейтін.
өлмейтін.
«Ақ иіліп сынбақ жоқ» деген
рас,
рас,
Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім
сенбейтін?
сенбейтін?
Таласпай бөліссе табиғат
байлығын,
байлығын,
Қара жер тойғызар адамның
барлығын.
барлығын.
Махаббатпен бірлесіп еңбек
қылған
қылған
Өмірдің көреді бақытты
сайлығын.
сайлығын.
Бұл өмір таусылмас, жаңарар
адамзат,
адамзат,
Арам ой мұтылып, зорлықшыл
болар мат.
болар мат.
Адал етсең, еңбектің жемісін
жеп,
жеп,
Шалқыған ел-жұртым, боларсың
көңілің шат.
көңілің шат.
Мен өлсем, ұрпағым, артымда
қаларсың,
қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден
аларсың.
аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып, әніме
саларсың!
саларсың!
- 145 просмотров