Ботақаным -
бөбегім,
Бейне туған
баламдай.
Менің ана дегенім
-
Сенің дағы
анаңдай.
Қара көзің
мөлдіреп
Қызықтырмай
қоймайды,
Жібек жүнің
үлбіреп,
Қарасам көз
тоймайды,
Сахарада бір
туып,
Өскен бірге
саңдағым,
Көшкенде ауыр күн
туып,
Түскен саған
салмағым.
Көтергенсің бәрін
де:
Жолыңда жүк
қалмаған;
Шығар күйлер әлі
де
Сүйіп саған
арнаған.
Ботақаным -
бөбегім
Жетіл, бекін атаңдай.
Сіңсін саған
еңбегім
Ойсыл-қара
атамдай.
- 286 просмотров