ВЕРНУТЬСЯ

          Бойым дел-сал қалғандай жайрап денем,

шатастырып күнді аймен, айды аптамен,

ыққан малдай сезімді оқтын-оқтын

ақыл-дана алдына айдап келем.

Айдап келіп ақылға қамалаймын,

секілді еді ойым - тау, санам - айдын.

Сезім - дауыл айдында ойнақ салып,

ойрандауда тынымын жағажайдың.

¥ры түскен отаудай шалқар жалған,

бытқылға енген түлкі боп жалтарды арман.

Шаңқылдап жүр шағала-жаным көкте,

денем - қайық ескегі талқандалған.

Ақыл алтын қазықтай, тұр бұлдырап

сол маңайда, байқаймын, бұлғын құрақ.

Күміс шынжыр тастайды Ақыл маған,

мен еркіммен алысып жүрмін құлап.

Теңіз сұсты, көгім - бұлт, жаға - қырғын,

бұл дүлейден құтқарып алатын кім?

Шынжырына ақылдың қол созумен

тұңғиыққа шым батып баратырмын.

1983