ВЕРНУТЬСЯ

        Сен маған көктем боп кел,

нәзіктеу жанымды ұғатын.

Отты махаббатыңмен өктем боп кел,

асқақтығымды табындыратын.

Қазақтың әні боп кел

жүрегімді дірілдететін.

Сол әндердің сырлы әуен - нәрі боп кел,

жанымнан мұңым кететін.

Сен айтпай-ақ ұғардай түсінікпен кел

осы бір қалпыммен мені.

Тек анамның алдына кішілікпен кел -

қайғы шалмасын аяулы алтын іреңді.

Табындыр, тауып тізгінін бұла көңілдің,

сол шақта мүмкін өзіңе ғашық етпегің.

Сен, әйтеуір, ұмыттыр мынау өмірдің

мені толғандыратын қасіреттерін.

1971