ВЕРНУТЬСЯ

          Бүгін менің туған күнім. Үйде гүл.

Он сегізім оралғандай бейне бір.

Албыраймын алғаш ғашық болғандай,

Желіккенде қызықсың-ау, ей, көңіл.

Қарап қайтап шарайнаға қайтадан,

Қүйған шарап буына да шайқалам.

Күй күмбірі тербегенде еріксіз,

Жүрегім де бір нәзіктеу айтады ән.

Сырласым боп жұлдызым да, айым да,

Еске түсіп сүйенген кез қайыңға.

Өзім де бір ән бастаймын сызылтып

Қыз арманы, іңкәр сезім жайында.

Қызым жайлап миығынан күлді де,

Деді: - «Мама, папа әкелген гүл міне».

Көңіл - көктем, ән кернейді кеудені,

Күнтізбенің бетіндегі ай - Сүмбіле.