ВЕРНУТЬСЯ

Бұл дүниеге қай ақымақ келеді деп ең сұранып,
Көрер жарығың - көрпе астында көңілшекгікген түскен бұқалық.
Аяр тағдыр, айда, сосын екі тепкі, бір қамшының астына ап,
Ойдан-қырға шапқылатар ойран-ботқанды шығарып.
Өзге желік жаратқан соң жарылқай қоймас өзге ерік,
Көрге түспей көз ашылмасын келе жатыр көз көріп.
Өзіңді өзің туа алмайсың, өзіңе де бітпей өз көңілің
Өкінумен өте шығарсың, кетпесе дүние өзгеріп.
Өзгере қоймас... Өмір саған қаптырмай тынбас өмірем,
Тула мейлің тұлынғанды тұтып, елжіреп мейлің емірен.
Тас бауыр тағдыр тас шайнатып, талақты тарс айырып,
Табанға салып, тапап, таптап, тайьш тұрар жөніне.
Көнесің бе, көнбейсің бе - көкешім, осы көресің...
Не өндірмексің өзеурегенде - өл деген күні өлесің,
Өзіңді өзің тумаған соң, өзіңді өзің, өлтіріп не мән
табарсың.
Өз мойныңды өз қолыңмен өзгеге жүлып бересің.
Ей, аласұрған адам пақыр, осындай сенің көресің...
Көресің солай... Көнбесең де, көнесің.
Көнгенмен, бірақ, көкейде жүрер бір мақсат:
Озбыр тағдыр таяғьша жықса да, аяғын құшпай өлесің.
Айтары оның, сен де мендей бетқаратпас безер бол,
Кездескенді кесірткедей тапап, кенедей жайпап езер бол.
Түйегінің бұдан: сергелдеңіне көнсең де, семсерін алма
қолыңа,
Өзгеге қорлық қылмас үшін өзің қорлыққа төзер бол.
Төзбес болсаң, төбелес іздеп, жендет боп сен де кеткенсің,
Өштестік уы жегі боп жеп, жемтігің боп - жеткенің.
Әділет азу қайрар болса, әбілет болып кетпекші,
Адал жүрсең - арман боп алдың, өкініш - болмақ өткенің.
Ей, бауырым-ай, қай дүниең де - тозақтың нағыз түнек төрі, 
Тірлік деген - жәй әншейін есігіне кірер өткелі.
Серуен құрып, серілік қылар сейіл бағы деп пе едің?
Ендеше, бауырым, орыны жоқ өкініш пен өкпенің.
                                                                                                    1999.