ВЕРНУТЬСЯ

    Дүкенбай Досжан(09.09.1942) - Мемлекеттік сыйлықтың (1996), М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтыңлауреаты (1987), Түркістан қаласының, әрі бірнеше ауданның Құрметті азаматы,Құрмет (2001), Парасат (2008) ордендерінің иегері. Алғашқы әңгімесі 15 жасындажарық көрген қаламгердің бұл күнде кітаптары әлемнің 20 тіліне аударылып, жалпыкөлемі 3,7 миллион таралыммен басылып шыққан. Кітап палатасының Қазақстандағы«Оқырманы қисапсыз жазушы» куәлігін алған. Оның қаламынан 11 роман, 23 хикаят,100-дің үстінде әңгіме туды.Дүкенбай Досжан1959-1964 жылдары С.М.Киров атындағы ҚазМҰУ-ді үздік бітірген; 1963-1966жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдеби қызметкері; 1966-1975 жылдарыАлматыдағы мемлекеттік «Жазушы» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі;1976-1984 жылдары ҚР Баспа комитетінде аға редактор, бөлім меңгерушісі;1984-1991 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының әдеби кеңесшісі; 1992-1994жылдары «Жалын» журналында проза редакторы; 1994-1996 жылдары  ҚР Авторлық және аралас құқықтар жөніндегіагенттіктің бөлім бастығы; 1996-2002 жылдары ҚР Ұлттық банк мұражайыныңдиректоры болып істеді. 2002 жылдан Президенттік мәдениет орталығында - «Мәденимұра», «Культурное наследие»  журналыныңБас редакторы.Күн сайын қаламғажүгіну мінезіне айналған. Дүкенбай Досжан «Отырар», «Фараби», «Жібек жолы»(1965-66) шығармалары арқылы «тарихи тақырыптың пионері» аталды. «Әл-Фараби»хикаяты ғұлама бабаның өмірін өзек еткен. Хикаят кезінде орыс, неміс, мадияр,ағылшын, монғол, украин, түрік тілдеріне аударылып, жеке жинақ болып басылыпшықты. «Жібек жолы» романы - тарихи көркем пәлсапалық шығарма. Орыс, украин,неміс, мадияр, монғол, ағылшын, пұштын тілдеріне аударылып, жеке кітап болыпшықты. Кітап желісі бойынша Ардақ Әмірқұлов «Отырардың күйреуі» атты екі бөлімдікөркем фильм түсірді.     Ұлттыққауіпсіздік комитетінің алпыс жылдай жабулы архивіне алғаш енген ДүкенбайДосжан сот құжаттары желісімен «Абақты» (1992) дерекнама кітабын және 1986жылғы желтоқсан қырғынының ізімен көркемделген «Алаң» (1993) романын жазды.Зерттеушілер Д.Досжан шығармашылығын үш салаға бөліп жазып жүр. Бірінші: көне ғасыр қойнауынанер түрік рухын тірілткен 60-шы жылдар басындағы тарихи тақырыптағы - «Жібекжолы», «Отырар», «Фараби» шығармалары жатады. Екінші: бодандық бұғау мен шенеуніктертепкісі зардабынан мінез экологиясына ұшыраған өмірзая ұрпақтар образдарыныңгалереясы - «Зауал», «Дария», «Табалдырығыңа табын», «Жолбарыстың сүрлеуі»,«Кісі ақысы» кітабынан табылады. Үшінші: ғажайып адамдар ғұмырын көркем тілменсөйлеткен сериялар тобына «Мұхтар жолы» (1988), «Абайдың рухы» (1994, 2008),«Алыптың азабы» (1997) деген кітаптары енеді.Дүкенбай Досжандүниені суретпен, ешкімге ұқсамайтын бояу-белгімен көреді, тірі сөзбен суретсалады.  Магиялық реализм тәсіліне жиіжүгінеді, ой ағынымен жазады, кейіпкердің жан әлемін сөйлетуге машық. 21ғасырдың ғажайып кейіпкерлерін сомдап жүрген бірден-бір қаламгер.Тәуелсіздігіміздің тарихын көркем кестелеген «Ақ Орда» («Елорда» баспасы, 2005жыл) романын оқырмандар жылы қабылдады. «Астананың бас архитекторы» дегендеректі хикаяты «Роман-газета» (2007 жыл) басылымына жарыққа көріп, оқырманжүрегіне жол тартты.Қаламгер 1974жылы «Зауал» (Трудный шаг) кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргізаманғы жақсы роман» сыйлығын иеленді. 1988 жылы Украинаның «Дінепро»баспасының «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығыналды. Суреткердің есімі АҚШ «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының2-томына, «Ұлттық энциклопедияның» 3-томына, «Абай энциклопедиясына» енген.1990 жылы Д.Досжанның2 томдық таңдамалы шығармалары ақиық ақын Олжас Сүлейменовтың алғысөзімен,мемлекеттік тапсырыспен «Жазушы» баспасынан жарық көрді. 2002 жылы «Білім»баспасы облыстық кітапханалардың сұранысымен - меценаттар көмегімен - жазушының13 томдық таңдамалы шығармаларын басып шығарды. Он үш томдықтың алғысөзінкөрнекті сыншы Зейнолла Серікқалиев жазған. Қолжазбаны тұтастай қайтаредакциялау, қалыптау, түсініктеме, баспалық аппаратын түзуді жазушы ЖарылқасынНұсқабаев іждаһатпен орындап шықты. Жазушының аталмыш шығармалары ағылшын,орыс, жапон, қытай, швед, чех, мадияр, монғол, украин, пұштын тіліндерінеаударылып басылды.Соңғы жылдарыжазушының «Үш тағдыр» (2005); «Балалықпен тілдесу», «Диолог с детством» (2005,1-2 том); «Жан тәтті» (2006, хикаяттар); «Жазмыштың формуласы» (2008, жетіхикаят); «Абайдың рухы» (2008, ғұмырнамалық-ойтолғау) кітаптары жарық көрді.Астанадағы «Фолиант» баспасы тақауда ашқан «Оқырманы қисапсыз жазушы» айдарымен«Терезенің жарығы» (2009) және орысша «Самый читаемый писатель» айдарымен«Когда я умирал» (2009) кітаптары А.Ким мен Г.Бельгердің аудармасымен көптаралыммен оқырмандар қолына тиді. Төрт томдық таңдамалы шығармаларыӘ.Кекілбаевтің алғысөзімен «Өлке» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен басылыпшығуда.Жазушы АҚШ-тыңГувер кітапханасы мен Ясная Полянадағы Толстой мұрағатшыларымен жиі хат жазысыптұрады. Тарихи тұлғалардан жинаған хаттар сақтаулы. Бай мұрағаттың иесі. 

Дүкенбай