ВЕРНУТЬСЯ

     Октябрьдің екпіні

Солқылдатып
соққанда,

Қазандағы
дауылдан

Қара
бұлтты қақ жарған,

Нажағайдың оғындай,

Қараңғыны
жарық қып,

Әлемнің жалғыз шамындай.

* * *

Жұмыскер еңбегіне сенетұғын,

Бірлікпен қиындықты жеңетұғын,

Айнымас алып күштің арқасында

Құлпыртып
тұрмысқа гүл егетұғын.

Шегі жоқ Қазақстан
табысының,

Екпіні жерді жарды дабысының,

Түрксиб алты айлықты алты-ақ басып,

Көрсетті күшті екенін шабысының.

Күннен-күнге құлпырып,

Жаңа өмірге ұмтылып,

Өскен елім гүлденіп.

Қоңырат,
ұлы Балқаш кен саласы,

Мыс қайнап,
алтын төккен ен даласы.

Кеулеген тас көмір мен тау сағызы,

Қарқында
социализм мол аясы.

* * *

Алтын Отан гүл киген,

Сүйемін сені, сүйеді ел.

Тарихта жалғыз жасты иген,

Сырыңды жайды жібек жел.

Сенің сырың күн сыры,

Марсқа барсам,- жол ашық,

Әлемнің асар қай ері,-

Ерлеріме күн ғашық.

Автор: