Түбіне бір
Еменнің Шошқа келіп,
Еменнің Шошқа келіп,
Жемісін жерге түскен жеді теріп.
Тойған соң
келістіріп ұйықтап алып,
келістіріп ұйықтап алып,
Еменнің түбін
қазды тұра келіп.
қазды тұра келіп.
Шошқаға сол уақытта сөз айтады
Ағаштың басындағы
құзғын көріп:
құзғын көріп:
«Тамырын қазып,
аршып тастаған соң,
аршып тастаған соң,
Қалмай ма Емен
қурап, кеуіп, сынып?»
қурап, кеуіп, сынып?»
«Қураса, қурайды деп, қиналман көп,
Қурамай тұрғанменен,
неме ол сеп?
неме ол сеп?
Қурасын, маған
салса, күйіп кетсін,
салса, күйіп кетсін,
Қайғырман оның
үшін уайым жеп.
үшін уайым жеп.
Құдайым жемісінен
айырмасын,
айырмасын,
Қылатын мені
семіз солар ғой тек!».
семіз солар ғой тек!».
Сол шақта
күңіреніп сөйледі
күңіреніп сөйледі
Емен Шошқаға
айтып тұрған осылай деп:
айтып тұрған осылай деп:
«Ей, шіркін! Жақсылықты білмейтұғын!
Білсең
сен, не бетің бар бүй дейтұғын?!
сен, не бетің бар бүй дейтұғын?!
Жоғары қарай
алсаң, білер едің
алсаң, білер едің
Шыққанын жеміс
қайдан сен жейтұғын!»
қайдан сен жейтұғын!»
* * *
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,
Жақсы мен арасында жамандар бар.
Ғылымды пайдаланып отырса да,
Сезбейтін сол пайдасын надандар бар.
- 151 просмотр