ВЕРНУТЬСЯ

    Ер адамның демеу әр сөзі бізге.

Түсінеді тұңғиық кезімізде.

Ер адамнан күтеміз ерлік қана,

Қулық деген жетеді
өзімізде.

Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен.

Құрысын соғыс ерлерді азып күткен.

Өжеттікпен, ерлікпен емес, қыздар,

Жігіттерді
сыйлайық нәзіктікпен.

Ерлер жоқта мәні жоқ тіпті үміттің.

Ерлер жоқта сәні жоқ түк қылықтың.

Жүк ауырын көтерсе
азаматтар,

Керегі не әйелге мықтылықтың?!

Осы өлеңмен демеймін мәз етемін.

Мойындадық қыс кетіп, жаз өтерін.

Мойындаудан қашамыз неге бірақ,

Әйелдің көп, ерлердің аз екенін.

Әр түрлі істен
жадыңда қалады әр күн,

Көзі жетер ойменен қарағанның.

Теңдік алған әйелден әлдеқайда

Биік әлі орыны ер адамның.

О, арулар, сәндеп шаш тарағандар,

Жігіттерге биіктен қарамаңдар.

Өмір ұлы көш болса, баяғыдан

Алға тартып келеді ер адамдар.

Төзбейтұғын
нәрселерге төземін,

Көргім келмес кісімді де көремін,

Барғым келмей тұрған жерге барамын.

Осы шығар мүмкін өмір дегенің.

Бұған
қарап деме, досым, мені арсыз,

Артық айтсаң, жүрегімде қалар сыз.

Құстан
ұшқыр қиялымды торда ұстап,

Жағдайларға көнем
кейде амалсыз.

Бұл
мінезге үйренгенмін қалай мен,

Бұл әдетке табу керек қалай да ем.

Айтқым келмей тұрған сөзді біреудің

Кеңілі үшін айттым да ғой талай мен.

Өз ойымды өлтірдім-ау сонда мен.

Сезімдерім көнбейгінге көнді әрең.

Сыр бермедім кезімде де шөлдеген,

Бәрін дұрыс
түсіне ме ел деген?!

...Әлденеден ауырады жан денем.

Бәрі жақсы болса деппін мен баста,

Жанымды ашып жалбақтаппын жолдасқа.

Бәрі жақсы болса деумен шаршаппын,

Бәлкім, енді бәрі жақсы болмас та.

Жұртқа
ұнадым,

Өз көңілім пәс бүгін.

Тасқа барып соғылғандай тасқыным.

Бауырларды,

Жақынды ойлап,

Жасыппын,

Жарқ-жұрқ етіп жайнамапты жастығым.

Тебіренсем, тежеппін де сезімді,

Айтпаппын-ау айтқым келген сезімді.

Отқа, суға түсіппін де жағдаймен,

Ойламаппын денсаулықты, өзімді.

Жан сыздаса, жұрттан болған жоқ көмек,

Көлеңкесін жайды жалғыз көк терек.

Дос өкпелеп қалмасын деп тілеппін,

Бір көрмеппін өзім жанға өкпелеп.

Балаға да сөйлеппін-ау абайлап,

Кешіккенге қалыппын-ау қарайлап.

Демалыссыз жүгіріппін туысқа,

Ешкім бірақ жүгірмепті мені ойлап.

Еддің жақсы деген сөзі неге сен,

Ертерек тым тартыппын-ау ересек.

Кеткен күндер жалынымды кемітті,

Кім біледі не берерін келешек.

Көрмей жиі бауыр сезім, дос рай,

Мен бозарсам, бозарыпты қосыла Ай.

Барлығын да үйлестірем деппін мен,

Біздің жағдай осылай да осылай...