ВЕРНУТЬСЯ

Фариза Оңғарсынова 1939жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы"Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазғанжырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отызжасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сеніңжүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың","Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді.Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршілсарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырларыосы еңбектері арқылы белгілі болды. Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын,арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктіңтағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.{mospagebreak} Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді.Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде,кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы,берер дәрі-дауасы - поэзия. Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезімболып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісінелайықтап жырлау - Фариза туындыларының бір қыры. Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліпжырлаған табысты тақырыбы - махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа дасаяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылыигерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысыпсуреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркемтәсілмен өрнектейді. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуантаберері сөзсіз.

Фариза