ВЕРНУТЬСЯ

         Қандай азап сезіну, сезу деген!

Сол азаптан әзірмін безуге мен.

Жанның ағыстарымен салыстырсаң,

түк еместей бұрқанған теңіз, кемең.

Сені мен мен - қайтеміз өзгені біз,

жақындамай, тілдеспей өздеріміз

теріс қарап тұрып-ақ сезінеміз,

жауырынға біткен бе кездеріміз?!

Болмақ емес біздерде ашық өкпе,

мен - тамыры, сен - қайың басы көкте.

Жазатайым құласам, сен құлайсың,

қасиет пе, бұл әлде қасірет пе?

Алмайды ешкім сезімді ақы-пұлға,

әлсіз оған даңқың ба, уақытың ба.

Менің бақыттылығым сол жалғанда -

қасіреттен тұрады бақытым да!

1974