ВЕРНУТЬСЯ

     Қарқараға
келгенімізге үшінші күн. Жәрмеңке бастығының жәрдемімен ойын үйімізді тақ-

тайдан шегелеп
қалтитып, жарнамамызды таратып, ертең бастаймыз деп, бір дем алдық.

Күн еңкейіп,
намаздыгерге мінбелеп барады.Үйден шықсаң, оңтүстікте Карқараның асқар

алатауы көрінеді.
Алатаудың белуарына дейін көк шашағын желбіретіп, Қаратау асылып тұрған тәрізді.
Шынтақтаған қараторы ару меңзес Қаратау, үлбіреген ақ бұлт торғынын жамылып тұрған
іспетті. Түйе мойнақ иір таулар, батар күннің сәулесіне саңдақтана шомылып,
аяқтарын алысқа созып, шіренеді. Жағалай біткен кенере таудың кең алқап, мидай
жазық қойнауын Қарқараның қатты ағынды өзені жарып ағып, сылдыр қағады. Кешкі
желмен үн қосқан дыбыс,таудың ескі ертегісін бейне бір еске салғандай болады.

Ағаш, шымы
аралас, қиқы-жиқы қаланың қақ ортасында, жәрмеңке   мекемесінің

жанындағы биік
ағаш басында, қызыл ту желбірейді. Қала маңы қараша үйлі жатақтар. Жәрмеңке
тараған.Басына бір қара сеңсеңді түгел киген, шалбары жоқ, кебіс-мәсілі, қара
сақалды бір адам, шапанын желбектей салып, әңгімелесетін кісіше маң-маң басып
бізге таман келді.

-        Шырақтарым, қай елдің баласысыңдар?

-        Біз әр елден: Арғын, Қыпшақ тағы басқа руларданбыз.

-Е, Әлгі Қызылордадан
ойын көрсетуге келген сіздер боласыздар ма?

-Иә.

-        Бәрекелді, шырақтарым, тіршілікте
жүргендерің жақсы, заман сендердікі, жүретін

шақтарың...

Шалдың сөзге ебі
барлығы байқалды. Жетісудың 16-жылғы көргені көп деп құлағыма тиюші еді. Сол
туралы сұрай бастадым.Бір қолымен сақалын сипап, көзін әлденеге

қадап тыңдап
тұрды да:

-        Иә, шырағым, өткен күнде белгі-
жоқ,-дейді қазақ. Өткен күннен белгі неге қалмасын,сол 16-жылғы біздің осы
аймақтағы елдің көрген соққысын, жеген таяғын еңкейген кәрі, еңбектеген баласына
шейін ұмытпайтын шығар,- деп малдас құрып отырып, әңгімесін бастап кетті...

Қызылордадан барған артистердің даңқы жұртқа жайылды. Сауыққа халық жақсы
жиыл-

ды. Көбінесе
елдің ұнатқаны: ән, өлең, күлдіргі болды.Театр үйінің беті ашық, тақтайдан қоршап
істеген еді. Ішіне сыймаған жұрт аттың үстінен сырттан тұрып қарады. Ойын
түстен кейін болып отырды.Әміренің кешке қарай әні жәрмеңкенің алабын басына
көтерді. Әміре дауысын көтеріп әкетіп, қайта қалықтатып, үзілтіп қайырғанда,

отырған
тамашашылдардың арасында қызып кетіп, көтеріп жібергендері де болды.

1916 жылғы қантөгіске
он жыл толды деп,сондағы өлген азаматтарды еске алып, қаралы

күнді өткізбек
болған екен.Қызылордадан, Алматыдан келген басты қызметкер жолдастар Қарқараға
келді. 16-жылдың оқиғасы туралы мағлұмат жиыстырып, іске кірісті. Ол күнді
тәртіппен өткізуге комиссия сайланды, бір күн бұрын «1916 жылғы қазақтың патшаға
қарсы көтерілісі дұрыс па, жоқ па?»деген тақырыпта айтыс болды. Айтыстың
қортын-

дысы қазақтың ол
көтерілісін дұрыс деп тапты.«Ол көтеріліс өзіне зиян болды» деп қарсы

жақтың сөзі
отырған халыққа бізбен шанышқандай естілді.Сауық кеші басталды. Екі перделік
күлдіргінің соңынан концерт болды. Ертеңгі болатын азалы күннің мәні туралы мен
шықтым. Осы сауық кешінде өлеңмен былай дедім:

Кешегі есіңде ме қара
тұман,

Мәңгіге ұмытпастай
таңба салған.

Қаныңды құрт боп
сорған сұм Николай,

Жазықсыз жұртым, саған не қылмаған.

Қызыңды
қатын, шаңырағыңды отын қылды,

Мүлкіңді қалдырмады
таламаған.

Аң құсап, үркіп аудың тау-тас кезіп,

Қалды ма кәрі-жасың жыламаған?!

Қылыштап
жас балаңның кесті басын,

Оққа ұшты от-жалындай талай жасың.

Жұртыңды
бір-біріне сеңдей соғып,

Залымдар қанмен
жуды ел ортасын.

Қосты
жылқы, қоралы қойды тастап,

Ата-мекен, қора-қопсы үйді тастап,

Мал-мүліктен өзіңе бір тай тимей,

Сенделдің жүгеніңді қолыңа ұстап.

Айуандай аяусыз қан төгіліп,

Жылауға әлің келмей құр егіліп,

Шаңың шығып, сандағың сазға құлап,

Үзбеп пе ең үмітіңді бел бүгіліп.

Шыңғыртып
жас қызыңды сұм жендеттер

Арың мен намысыңды қылмап па ед жер.

Жаралы қансыраған жанды көріп,

Денеңді мұздатпап па ед, бір суық тер.

Соларды өз көзіңмен көрмеп пе едің,

Арашалар жан таппай өлмеп пе едің.

Болмаса жалшылардың төңкерісі,

Жоғалтып елдігіңді көмбеп пе едің.

Езілген елге жарық күндей болып,

Патша, төре, байларға түндей болып,

Нашардың қамын
жеген өз өкіметің,

Еңсеңді көтермеп пе ед, Совет келіп.

Тірің түгіл, жоқтамақ өлгеніңді,

Кешегі қанды күнде көмгеніңді,

Ертең сол «шәйіттердің» аза күні,

Сұраймыз бірің қалмай
келгеніңді.

Жұрт тағы шақырды,
шықтым. Отырған көптің артқы жағынан бурыл сақал, бурыл мұртты бір адам ұшып
тұра келді. Ол екпіндеген дауыспен маған қарап:

«Шырағым, көп
жаса, тәңір жарылқасын!Біздің бұл Қарқараның аймағындағы Үйсіннің

баласы 16-жылы не
көрмеді. Айтқаныңның бәрі рас. Атаңа  нәлет  Николай,

тоба қазығымызға таяған
жоқ па еді. Мал-мүліктен, қатын-баладан бездірген жоқ па еді. Иттен қалған
өлімтікті асып жеген күніміз де болды. Аң болып қашып тау-тастың үңгірінде күн
көрдік. Алдымыз тентіреп жан үшін Қытай еліне де бардық. Қатын-

баламыздың
туған-туысқанымыздың қайда кетіп,қайда өлгенін де көрмегеніміз бар. Бұған көп шүкірлік!
Мұндай түтін түтетіп, ел боламыз деп ойлап па едік. Совет өкіметіне мың
рақмет!Көзімізді ашты, қолымызды есеге жеткізді. Сендер оқып, жетіліп, өзімізге
келіп үгіт айтып тұрсыңдар, елдің сүйеніші сендер, Совет өкіметі біздің
төбемізді көкке жеткізді. 16-жылғы, арманда өлген боздақтарымызды еске алып, аза
қылғалы келген азаматтарға, оларды жіберген үкіметке Албан  елі атынан алғыс айтамын!»- деді.

Мен тағы шырқап
кеттім...

Автор: