ВЕРНУТЬСЯ

Қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалықдеңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы,негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасымен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.Қасым Аманжолов - көркем аударма өнерінің де үздік шебері.Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдермен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.Қ.Аманжолов - өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы,дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жасталанттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.Өмірбаяны. Қасым Аманжолов қазіргі Қарағандыоблысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді.Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс.Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл - сол туған жері. Әкесі десонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған.Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашындажаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасыҚасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейінтәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды.Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт"Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орманшаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскеноқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Оралқаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынныңкөптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім,домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақкөңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты,қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгіберіп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмірсыры" деген атпен жарық көреді. Жинаққа енген өлеңдерден болашақтағыкемелденген ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол,шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеуүстінде екенін көрсететін еді. Әсіресе көзге ауыз әдебиетінің 7-8 буынды терме,толғау үлгілеріне бой ұруы жиі шалынатын. Өлеңіне арқау етіп алған өмірқұбылыстарын сырттай таңырқап, тамашалауға, көрген-білгенін тәптіштеп, тізбелепсуреттеуге әуестік байқалатын.Бірақ ақын бұлқалпында көп кідірмей, осыдан кейінгі не бары екі-үш жылда-ақ:Ішім пысты, жалықтым,Жүре алман енді аяңдап.Кенде қаппын, жаңа ұқтым,Не болса соған аяңдап -немесе:Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға,Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!..Жығылам деп жүре алмаймын жай басып,Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,Іш пыстырып, жалт-жұлт қарап, жай басыпЖығылсам да, жүгірумен өтемін,Аяңшылдың ақылын мен не етемін.Жығылармын, алқынармын, шаршармын,Барар жерге бұрынырақ жетермін, -дегеніндей-ақ, қатты талпынып, талантына мәдениеті қосылып,ақындықтың шырқау биігіне самғап көтерілді. Махамбет, Абай поэзиясыныңкөркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асылүлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену оның буырқанған күштіталантын тез қанаттаңдырды. Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А.Пушкиннен,М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийден шебер аудармаларжасады. Бұл оның үлкен поэзияның сырына терең бойлап, ақындық өнерініңқыр-сырын тануына көмектесті.1939-1940 жылдар ақынның өсу жолындағы елеулі кезең болды."Нар тәуекел", "Бурабай толқындары", "Дауыл","Көкшетау", "Орамал", "Сұлтанмахмұт туралыбаллада", "Өз елім", "Ғашық едім қайтейін" сияқтытамаша туындылары осы жылдары дүниеге келді. Бұл кезеңдегі ақын өлеңдеріндетүр, дыбыстық үндестік, ырғақ жағынан да жаңалықтар көрініс берді. Сондай-ақ,Қасым лирикалық өлеңдермен қатар сүйекті туындылар жазуды да қолға алады, "Құпияқыз", "Бикеш" (алғашында "Азғынбаев" деп аталған)секілді алғашқы поэмаларын жазады.Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда"Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бесұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады.1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданғаауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызылөрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жанаямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағыұзақ сапар, атамекен - Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялдыақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал","Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын"тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігіболып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісімайдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, оймен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі."Елге хат" (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), "Ұлы күтіс","Үстімде сұр шинелім", "Подполковник Әлпинге","Қапанға", "Сәбитке", "Ғалиға жауап","Қызғалдақ", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға,сол қыз" сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі "Ақын өлімі туралыаңыз" поэмасы - соның айғағы.Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журналредакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалаларжариялайды, өлеңді де өндіре жазады. Мысалы: 1946 жылы 26 өлең жазыпты,солардың ішінен, әсіресе "Достар", "Туған жер","Құрбыма", "Сауыншы жеңгейдің жыры", "Домбыра","Май келді", "Күйім тасып барады, күйім тасып", т.б.көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқашалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, "Біздің дастан"поэмасын бастайды. М.Лермонтовтың "Маскарад" драмасын,А.Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделіпоэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл"атты жинағы жарық көреді. Ол туралы үлкен ақын әрі поэзия білгірі ӘбділдаТәжібаев "Социалистік Қазақстан" газетінде "Дауылды жырлар"деген мақала жазып, аса жоғары бағалайды. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтыңбірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады."Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы"Таңдамалы шығармалары" жарық көреді. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбіжатқа білетін әйгілі "Өзім туралы" толғауын аяқтайды.Қасымның өлеңдері "Гроза" деген атпен1946 жылы, "Стихи" деген атпен 1949 жылы орыс тілінде жеке кітапболып басылады.{mospagebreak}Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғықаңтардың 17-сінде қайтыс болды.Өлеңдері. Соғыстың алдында Қасым "Өз елім","Дауыл", "Нар тәуекел", "Талғар" тәрізді әдемілирикалық өлеңдер жазды. Бұл өлеңдердің кейіпкері - өз елін, туған даласыныңтабиғатын шексіз сүйген, "көк дауылдай кеуделі жігіт" болып өскенқайратты замандасы. Өмірге көзін ашпай жатып, "жетімдік тағдыр"желкелеген балдырғанды өз тәрбиесіне алған Отанын ақын ерекше сезімменжырлайды:Өмірге ендім еңбектеп,Шалқалап әкем шықты үйден.Жетімдік тағдыр жетті ептеп,Қабағын жаба түксиген.Өмірден үміт жоқ өзге,Даланың тердім тезегін.Әкем боп таптың сол кезде,Қайран да менің өз елім.Қасымның ауыр толғақ, жан күйзелістері үстінде 1938 жылдыңөзінде-ақ, жазған белгілі өлеңі - "Сұлтанмахмұт туралы балладасы".Ақын онда сол кезде екінің бірі батылдық жасай алмайтын шындықты айта алды. Сұлтанмахмұттыжақтайтын жас ақын мен оны жау санайтын әдебиетші ақын қабірінің басында пікірталастырады.Бірі айтты: - Сұлтанмахмұт тірі, - деді,Мәңгіге өлмес жанның бірі, - деді.Қазақтың кең даласын аралап жүр,Өзіндей өжет оның жыры, - деді.Бірі айтты: - Қателеспе, өлген, - деді,Жырын да, өзін де оның көмген, - деді.Болған соң өзі дұшпан, өзі арам,Тарихқа жазып солай бергем, - деді.Сол арада Сұлтанмахмұт қабірінен шыға келіп: "Өлгемжоқ!" - деп дауыстайды. Жас ақынды қолтықтап алып, Жазушылар одағынанмүшелік билетін алуға кетіп бара жатып:Сен, жігіт, өсек айтып жүргенше құр,Моламды мен қайтқанша күзете тұр, -деп, масқаралап кетеді. Ол жылдарда мұндай өлең жазу нағызжүрек жұтқан ерлік болатын. Ал Қасым бір бұл емес, мұндай бірнеше өлең жазған.Оның "Біз кім?", "Ақынның мінезі", "Күлемін дежылаймын" секілді өлеңдері сондай дүниелер.Жылама сен, күл, - дейді,Күлсем және сенбейді.Қара тер боп тергейді:Неге күлдің сен? - дейді.Тоталитарлық жүйе тұсында мықтап өркен жайған күдікшілдік,сенбеу, күйе жағу, пәле жабу сияқты кеселді бұлайша әшкерелеу, зығырданы қайнайайыптау да Қасым сияқты ілуде біреудің ғана қолынан келгені шындық.{mospagebreak}Қасымның осы тақырыпқа жазған өлеңдері соғыс жылдарында,одан кейін де үзілген жоқ, қайта күшейе, салмақтана түсті. Ондай зілді, ызғарлылебіздерді ақынның майданнан Ғалиға, Ғабдолға өлеңмен жазған хаттарынан дакөруге болады.Қасым поэзиясындағы патриоттық, отаншылдық сезім соғысжылдарында ерекше күшейді. Соғыстың қатал да ащы шындығы ақынды да, оныңжырларын да тың өріс, жаңа биікке самғатты.40-жылдардың басында Қасым туған жер табиғатының әсемсуреттерін жасаған тамаша лирикалық өлеңдер жазды.Қиыр Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда туған"Байкал", "Сарыарқа", "Ертіс", "Орал"атты өлеңдерінде ақын ел табиғатының әсерлі көріністерін адамның отаншылдықсезімімен терең байланыста көрсетеді. "Оралға" өлеңін:Оралым, шықтың алдымнан,Оралым, менің Оралым.Қол созып қызыл вагоннанҮстіңнен өтіп барамын, -деп бастап, онда өткізген жастық дәурен қызықты шағынризалықпен еске түсіреді.Оралым, сенің қойныңда,Ойнақтап өткен жылдарым.Жарқылдап Жайық бойындаДостармен сайран құрғамын.Шағанның бойы көк шалғын,Шалқамнан жатқам шаңқай түс.Гүл болып менің құшағым,Кеудеме қонған бұлбұл құс.Кеудесі гүл болып, бұлбұл қонған бұла жастың бақыты қандай ыстық.Сонау бір шетте, сонау үй,Кетер ме, сірә, көңілден.Алушы ед тартып мені ылғи,Махаббат, жастық лебімен.Терезе алды - жас терек,Тұр екен кімдер сүйеніп?Жүр екен кімдер еркіндеп,Жүрегін ұстап, үйге еніп?..Біз де ақынмен бірге сол үй, сол терекке қызыға, тіптікүрсіне қарағандаймыз...Қош болшы енді, Оралым,Күле бер шалқып, сайрандаАйтпақшы, қайда бораныңКетейін алып майданға, -деп, туған ел боранын қатерлі сапарға серік етіп алакеткісі, сөйтіп, майданға бұрқыратып бірге кіргісі келеді. Ғажап емес пе?!"Байкал" өлеңінде Байкалдың торғын тұман жамылғанкөлі, таң сәріден кернейлете құйған өзендері, көлге ғашық боп ерте оянған таң - бәрі де ақын қиялынтербетіп, сұлу суретке айналады. Жастық шағын өткізген ыстық қала - Оралғатоқтап, Ертіс, Сарыарқа тұсынан өтіп бара жатқан ақын туған жерге деген молмахаббатын, ел сағынышын төгілте жырлайды.Осындай өр мінезді, сезімтал, патриот ақынның жауменбетпе-бет кездесуі де есте қаларлықтай. Қасымның майдан жырларының лирикалықкейіпкері - кеудесі кек пен ызаға толы, аса қажырлы жан. Оның "ажалдыңдегеніне көнбей", "сескену, қорқу дегенді" білмей, соғыстыңауыртпалығын әр төзіммен көтерген қайсар бейнесі көп өлеңдердің мазмұнынқұрайды.Бармын мен бұл дүниеде, жүрмін тірі,Жоқсың деп жала жабар қудың бірі.Түссем де отқа, суға тозар емен,Солдаттың етігіндей жаньм сірі.Соңғы бір жолда қаншама тарих, терең мағына бар. Бұл -поэзиядағы бұрын айтылмаған жаңа сөз, тың образ. Онда кайғы да, қайсарлық та,сабыр мен даналық та бар. Бүкпесіз, шыншыл, сыршыл, кемеңгер ақынның:Мен емес сыртын сылар, іштен іріп,Кимеймін тұмылдырық, көзілдірік.Өткізіп өз көзімнен бар өмірді,Аралап жерде жаяу келем жүріп, -деген сөздерін тебірене оқып, тереңіне ойлана үңілеміз.Ақтарыла сыр ашқан атақты "Ғалиға жауаптан" алынған бұл шумақтанәлдекімнің жат, суық, сұрқай сұлбасы да елес береді.Ол өз аяғынан жүруді, өз көзімен көруді, өз қолымен істеудіұнатады. Ол жалтармақ емес, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрмек емес. Олөмірдің қайнаған ортасында жүріп, көптің жүгіне өз иығын тосады, бой тасалаудыар көреді, ауыр жүкті арқалаушылардың сапында болу - ол үшін адамгершілікборыш, мерей, мақтанып. Қасымның ақындық көзқарасының, философиясының,эстетикалық принциптерінің түп қазығы - осы. Бұл - алып кайратты, сарқылмасжігерлі, туған еліне қызметші болуды абыройлы үлесім деп білген үлкен дарынның,үлкен қайраткердің өмір мұраты.Қасымның майданда жазылған, оның ішінде елдегі ақын аға,қаламдас құрбыларына жазған шыншыл, сыршыл өлеңдерінен, хаттарынан ақынның өзбейнесін, Отан үшін жанын отқа салып жүрген солдаттың образын көреміз.Елдегі ақын досы Ғабдолға:Білмеймін, қайда жоғалттымСескену, қорқу дегенді?Есігін қақтым тозақтыңӨлеңмен келіп мен енді, - деп сыр ағытса, Ғали ақынға жазған ұзақ жауап хатында:Ажалдың мен бе көнер дегеніне,Келермін, күтші, достар, мен еліме, -деп болашағына нық сенім артады.Майдан жауынгерінің ер жүрек бейнесін танытар осы тәріздесжолдар Қасымның әскери лирикасында тіптен мол. Ақын өліммен бетпе-бет кездескеншақта пайда болған солдат мінезіндегі мұндай сипаттарды туған елініңтәуелсіздігін қорғау кезінде туған жаңа сапа, ерліктің үлгісі ретіндекөрсетеді. Осымен қатар, Қасымда соғыстың ауыр шындығы жағдайындағы солдаттыңадамдық сырлары, мұңы, шаттығы, бойын ел, жар сағынышы билеген кезі, соныменбірге жауға деген кекке толы сезім күйі мол, әсерлі суреттеледі. Ақын соғыстыңқиындығын да, үрейлілігін де жасырмайды.Жылдап бір жүріп, қан жұтқан,Адамды қылғып тірідей.Түскендей жерге "тамұқтан"Қап-қара алып бір дүлей.Ырсиып темір тістерін,Жалақтап, жалмап, жұтынып,Істеп бір алып істерін,Тұр әлі тоймай құтырып.Соғыстың үрейлі кейпін ақын осылай бейнелейді. Ол мұндайжағдайда өлімнің де бір-ақ оқ екенін түсінеді. Сонымен бірге мәселе өлуде емес,өмір сүруде, өмір сүрудің тетігі - ерлікте деп біледі. Ақынның:Өлім - жауым, өмір - дос,Неге өлейін бостан бос, -немесе:Қорықпаймын жұтар деп оқ,Қаршыға жаз жүрегім.Қорықпаймын бір есерсоқ,Салар деп қан шеңгелін.Қорықпаймын жұрт сөзінен"Тым арзан өлді" деген, -деуі де сондықтан.Мұңая күрсінген, көңілденген шақта да ол өмірлік мұратын,азаматтық парызын естен шығармайды.Қан қақтаған жалпақ далаЖалындай боп жатты өртеніпКешкі аспан қызыл алаТөмен түсіп тұрды төніп.Оралғандай тұмша бұлтқа Отырдым мен бейне кұз тас.Ішкі толқын теуіп сыртқаШашырады көзімнен жас."Қапанға" деген өлеңнен алынған осы үзіндіде өмір,өлім жағаласқан соғыс даласындағы солдаттың жан сезімі, күйзелісі өткір, бірақнанымды берілген. Майдан даласының құбылмалы мінезі де солдат жанын неше түрлікүйге түсіреді. Ақын осы сезімді сол күйінде бүкпесіз суреттейді.Ой, сезім еркіндігін Қасым өзінің туған даласыныңтабиғатынан іздейді. Ғалиға жауабында":Табиғат - анама мен туғам тартып,Күн болып күлемін мен балқып, шалқып,Кек дауыл көкірегімде күрсінгенде,Бұлт болып арпалысам, жалын шарпып, -дейді.Осы тәрізді сезім арпалысының талай кезеңін басынан кешіреотыра, Қасым кейіпкерлері қайсар, ер кейпінен танбайды, жеңіске берік сенеді,оны "қасарыса" күтеді.Күтудеміз тұрсақ та әзілдесіп,Арпалысып жүрсек те қан-сөл көшіпКүтудеміз сонау сұр окоптарда,Өліп бара жатсақ та талып, өшіп.Мейлі күтіп шыдамай темір сынсын,Мейлі көлдер суалсын, тас үгілсін.Қасарысып біз күттік! Шыда, жүрек,Бұл ақырғы, ең ауыр болсын бір сын.Жеңісті осылай күтудің өзінде қаншама қайсар рух пен ерікжатыр.Ақын өмірдің әр алуан жайттарын, адам күйінің сан қилымезеттерін алып жырлайды. Ол: "мен - солдат", "мен - батыр"немесе "Сен фашиссің, мен қазақпын" дегенде, елінің атынан сөйлейді.Өзі арқылы басқа адамдардың, отандастарының сезімін, ой-арманын бейнелеугетырысады.Мәселен, фашистерге жалғыз ол ғана емес, бүкіл халық, соныңішінде мыңдаған қазақтар да қарсы соғысты. Ақын осының бәрі үшін поэзиядәстүріне сәйкес бірінші жақта өз атынан сөйлейді. Оны, әдетте, лирикалыққаһарман дейді. Сондықтан әрдайым өз ісін, өз ойын ғана емес, өз ой-сезіміарқылы көпке ортақ, жалпыға тән күй-сырды айтады. Мәселен, фашистердікелекелеп, табалайтын жоғарыда аталған өлеңіндегі: "сен аспанда жұлдызқақтың, мен далада түйе бақтым" деген жолдар Қасым жас кезінде түйешіболған екен дегенді білдірмейді. Ақын "түйе бақтым" деп ежелгі қазақтұрмысына тән шаруашылық түрін айтып отыр. Әйтпесе, қазақтар қазіргі замандағылым, білімге, мәдениетке жетілген, инженер де, шахтер де, ғалымы да жетерлікхалық. Бірақ басқыншылар оларды "тағы", "азиат" депбасынады. Ақын осы психологияны ұғады да, жауын өткір кекесінмен мысқылдайды.Егер мен де түссем қолға,Қамар ең-ау, темір торға.Олай болмай, бұлай болды,Біздің бақыт, сіздің сорға.Сен фашиссің, мен қазақпын,Өзің айтқан "азиатпын".Таң қаларсын "философым"Ғажабына табиғаттың.Көкірегін ұрып, әлемді аяғымның астында таптаймын дегенгитлершілдер 1945 жылы өз жерінде күл талқан етілді. Лирикалық қаһарман осығанқуанады, масаттанады.Ақынның өжет те өршіл рухы, жалынды жүрек, жайсаң жаны туғанелінің ер мінез, ерен тұлға перзенттеріне ерекше кішіпейіл, айрықша ілтипатты.Сондықтан да қазақтың қаһарман батыр, қайсар перзенті, кемеңгер азаматынаарналған "Бауыржан" атты өлеңінде:Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,Теңселтіп темір топан дүние жүзін.Бетіне туған жердің өшпестей ғып,Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,Атағы атын алып келді бұрын.Үстінде туған елдің тұрды толқып"Бауыржан Момышұлы" деген бір үн.Ақынның ақ сұңқардай жүрегі барАлқындым, бір көруге болып кұмарКөктемде күркіреген күн дауысын,Жер естіп, желкілдеген гүл ынтызар, -деп, ағынан жарыла ақтарыла жырлайды.Мұндай буырқанған бұла күшке, шат еркелікке толы, бірдешиыршық атып, тағы бірде қуатты серпіліспен шалқыған сезім драматизміҚ.Аманжоловтың көптеген өлеңдеріне тән. "Сәбитке" деген өлеңіненавтордың ақындық кредосы да, өз мінезі, табиғаты да жақсы аңғарылады.Ақын қадірлі аға,үлкен суреткерге сырын-шынын бүкпестен, жан дүниесін баурап алған отты шабыт,арынды күйді ақтарыла айтып тастайды. Ішімде жанартаудай жатыр жырым,Ұшқындап, іште қайнап сұрапылым.Көрерсіз соның бұрқап атылғанын;Жаңғыртып жан түкпірін, ойдың шыңын.Өлеңнің қаптатармын отты селін,Толассыз топанындай ертегінің.Білерсіз кім екенін сонда, Секе,Бұл күнде от шайнаған тентек інің.Сәбит Мұқановқа арналған осы өлеңнен ақынның асау өрлігін,алғыр зейінін, қырағы да сергек қиялын, отты екпінін, арынды тегеурінінсезінеміз.Майданнан ақын өлмес өмір өлеңін айтып қайтты. Өзінің туғанелі - Қазақстанды, туған халқы - қазағын мақтан тұтты. Жүрегін өз Отанына дегеншаттық сезім билеген ол "елім бар, Қазақстан" деген сөздерді бардауыспен жар сала айтады:Қазақстан дейтін менің бар елім,Жатыр алып жарты дүние әлемін!Бұл даланы анам жаспен суарған,Бұл далада атам қолға ту алған.Бұл далаға жылап келіп уанғам,Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,Бұл далада өскен жанда жоқ арман!Соғыстан соңғы халық шаруашылығын қалпына келтіру ұранынаҚасым "Соғыстан соңғы бесжылдық" атты өлеңмен үн қосты. Бұл өлеңніңлирикалық кейіпкеріне де қайсарлық мінез, іскерлік, сертке беріктік тән.Қасқара шықты майданға,Қасақы жауды мерт кылдық.Халқымыз анттан тайған ба,Құлшына түстік, серт қылдық.Қираған сәнді қаламыз,Қаусаған алып заводтар.Құлпыртып қайта саламыз,Жағамыз, - дедік, - жаңа оттар!Өртенген орман, күйінбе,Сені де қайта егеміз.Баяғы балғын күйіңеКелесің қайта дегеміз!Қайғырма, туған жеріміз,Жиренген жауың жеңілді.Бөлейміз нуға сені біз,Жайқалтып алтын егінді.Ақынның туған жерге деген жалынды перзенттік сүйіспеншілігіоның "Туған жер" атты ғажайып өлеңінде шалқыған шабытпен суреттелген.Шықшы тауға, қарашы кең далаға,Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!Нендей күйге жүрегімді бөледің!Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем, -Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім.Бұл - ақын жүрегін жарып шыққан, зор азаматтық сезімнентуған, патриоттық жыр.Қасымның кейінгі шығармашылығында да соғыс тақырыбы едәуірорын алады."Дариға, сол қыз" өлеңі өмір шындығын, лирикалықкейіпкердің тебіренісін бейнелеу ерекшелігімен де, түр жағымен де айрықшажаңалық ретінде сүйіндіреді. Әр тармағы он буыннан тұратын өлең Қасымға дейінгіжәне кейінгі қазақ поэзиясында онша қолданыла қойған жоқ. "Дариға, солқызда" майдан арпалысы, тарихи шындық, жеке адамның басындағы трагедияжәне соның бәрінен аман алып шыққан өмірге деген құштарлық оптимистік рухтаөрнектелген. Кейіпкердің жан дүниесіндегі бұлқыныстар белгілі тарихи кезеңдегіжеке адам мен қоғам өміріндегі әлеуметтік драматизмді бейнелейтін образдылыққаайналған. Көркемдік-философиялық жинақтаушылық мәнге ие жыр жолдары ақынныңтағы бір биікке көтерілгенін танытты. "Көрсетпей жүзін, естіртпей сөзін,қаһарын төгіп тұр долы соғыс", "сапырды дауыл, тебіренді теңіз,тулады толқын, шайқалды шың-құз" деген жолдардан замана трагедиясын,"арманым бар ма өлсем бір көріп, қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?"дегеннен лирикалық қаһарманның өмірге деген құштарлығын, махаббат құдіретін,"дедім де тұрдым, жүгіре бердім, қолымда найза, шағылып айға"дегеннен  әрі қайсар рухын сезінеміз.Ақынның бұлайша өзіндік түр іздеуі отызыншы жылдары-ақ,белгі берген болатын. Мәселен, Пушкиннің қайтыс болуына жүз жыл толуынаарналған "Ақынның ескерткішіне" (1937), "Отан үшін жанпида!" (1941) өлеңдері 15 буынмен жазылса, "Руставели Шотаға"(1937) өлеңі 16 буынмен жазылған. Мұндай көп буынды өлеңдер ол кезеңденекен-саяқ ұшырасатын. Кейінгі жылдары Қасым көркем аудармамен көп шұғылданды.Т.Шевченко өлеңдерін, Низамидің "Ләйлі мен Мәжнүнін", А.Пушкиннің"Полтавасын", М.Лермонтовтың "Маскарадын", А.Твардовскийдің"Василий Теркинін", т.б. шығармаларын аударуы, ақын ойының тереңдейтүсуіне, шеберлігінің өсуіне көп пайдасы тигізді.Өмірінің соңғы кездерінде Қ.Аманжолов өлім, өмір, өмірдіңмәні, азаматтық парыз, ақындық борыш жайында көп ойланып, көп толғанды. Ондайөлеңдері - елін, жұртын емірене сүйген азамат акынның жан сыры, ой-сезімі.Ақын қарызды өтеу, борыштан құтылу жайында жиі айтады.Бойындағы табиғат сыйы - үлкен дарынын сарқа жұмсап, халы"

Қасым