ВЕРНУТЬСЯ

     Арнадым жинағымды бәріңізге,

Оқыр деп жасыңыз да, кәріңіз де.

Алыңыз азырқанбай алғашкымды,

Көп борыш өтелмеген әлі бізде.

Көп борыш мойнымызда өтелмеген,

Ойым жоқ қарыздар боп кетем деген.

Кенімді кеудемдегі жаба тұрдым,

Азырақ әуре болып жөтелменен.

Қараша, 1954.