ВЕРНУТЬСЯ

       Есігің алды ағын су,

Ерте тұр
да, Айсүлу,

Ағын сумен бетің жу, -

Таңғы ұйқың
серпілер.

Қыпша белің қынай бу,

Алдың егін, қалың ну,

Еңбекке шық, ұста
ту, -

Таудай көңлің желпінер.

Ай, Айсүлу, Айсұлу,

Сенен артар қай сұлу.

Қыз боп туса, сендей ту! -

Деп бағыңды ел тілер.

1949.